Home Қоғам ТҮРКІСТАН: ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ТҮРКІСТАН: ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданының аумағындағы қоғамдық орындар, мекемелер және халық көп шоғырланатын көше бойларында арнайы техника мен мамандарды жұмылдыру арқылы залалсыздандыру шаралары күшейтіліп отыр. Сондай-ақ, коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында халық көп баратын мекемелердің , атап айтсақ ҚазПошта, Халық банкі, Халықтық кеңсе, аудан әкімдігі, аудандық емхана, Халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық Полиция бөлімі ғимаратында залалсыздандыру өткелдері аудан тұрғындары мен сол мекемелерде қызмет атқаратын мамандардың қауіпсіздігі үшін қажеттілігіне қарай тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде.Айта кетерлік, аудан әкімдігіне қарасты барлық ауылдық округтер мен дербес бөлімдер залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы киімдер және құрал-жабдықтармен қамтылған.