Home Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАЛДЫ

«Арыс қаласын кене қаптап жатыр» деген ақпараттың әлеуметтік желіде тарауына байланысты қала әкімдігінің ресми хабарламасы
Инстаграмм желісінде аты-жөні мен мекен жайын аталмаған Арыс қаласының тұрғыны пәтерін кене қаптап жатқаны туралы видео жарияланды. Осы мәселеге қатысты қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес, әкім орынбасары Рысдәулет Айтбаев бастаған арнайы мамандар тобы құрылып, төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырды.
Б.Әбдіразақов көшесіндегі №40 және №49 үйдің жертөлесі мен аула маңын дәрілеу жұмыстары демеушілер көмегімен іске асырылды.
Өйткені, тұрғын үй ғимараттар жекеменшік мүлік болып табылатындықтан, мұндай нысандар Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi» туралы кодекстің 107-бабына сәйкес, елімізде ақылы негізде жүргізілетінін еске саламыз. Сондықтан да тұрғын үй иелері өзара ынтымақтаса отырып, дезинфекция жұмыстарын жүргізетін мекемеге өтініш беруі керек.

Бүгінгі таңда Арыс қаласы мен ауылдық округтерінде осындай қызметті ұсынумен «Ұлттық сараптама» орталығына қарасты «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалының Арыс қалалық дезинфекциялық секторы айналысады (Мекенжайы: Арыс қаласы, Б.Әбдіразақов көшесі 45 “а” үй). Телефоны: +7 701 137 27 29 Бауыржан Досалиев, нұсқаушы-дезинфектор.
Сондай-ақ, қосымша ақпарат алу үшін Шымкент қаласында (Абай көшесі 37 “а” үйде) орналасқан мекеменің 40-73-80 нөміріне хабарласып мәлімет білуге болады.