Home Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары мен тиісті бөлім басшылары қатысты.



Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі 2019 жылы орын алған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерге жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы өтініштерін айтты.

Тұрғындардардың арыз, шағымын тыңдаған шаһар басшысы Гүлжан Мамытқызы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, билік пен қоғам арасында тиімді диалог орнату мақсатында бірде бір өтініш жауапсыз қалмайтындығын атап өтті.
Қабылдауға келген 40 азаматқа заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әкім орынбасарлары мен дербес бөлім басшыларына мәселені заңға сәйкес шешу үшін тапсырмалар жүктеді. Жеке қабылдауға келіп ұсыныс, пікір білдірген, өтініш айтып, мұң-мұқтажын жеткізген әрбір тұрғынның мәселесі бойынша құжаттар толтырылып, орындалуы бақылауға алынды.
Айта кетейік, Арыс қаласы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы әр аптаның жұмасында сағат 15.00-ден 17.00 аралығында өтеді.
Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /72540/ 5-92-14
байланыс нөмірі арқылы жүргізіледі.