Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГПЕН ЖАСТАР ТАБЫСҚА КЕНЕЛЕ АЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГПЕН ЖАСТАР ТАБЫСҚА КЕНЕЛЕ АЛАДЫ

Цифрландыру бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт болып табылады. Осы орайда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Төлеби ауданының білім саласын цифрландыруда бірнеше жобалар іске асуда. Олардың бірі қолөнер бұйымдарының «ТOLEBI ORNEKTERI» электронды каталогы. Каталог мектеп оқушыларының жасаған қол өнер бұйымдары мен туындыларын кәдесый ретінде сату мақсатында жасалған. Енді Төлебилік жас қолөнер шеберлері өнерлерін көрсетіп қана қоймай, өз еңбектерін сатып табысқа кенеле алады,- деп мәлімдеді Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Роза Аманова.


Тағы да бір іске асатын жоба «TOLEBI.BILIM MALIMET» деректер қоры. Интернет желісінің көмегімен оқушылардың оқу үлгерімін, бөлімнің есептерін, сауалнамаларды және қосымша мәліметтерді арнайы форманы толтыру арқылы жүзеге асады. Жобаның артықшылығы ақпаратты компьютер немесе смартфон арқылы кез келген жерден жолдауға мүмкіндік береді.


Аудандық білім бөлімінің бастамасымен ата-аналар және мұғалімдермен тікелей ақпараттық байланыс орнату үшін TELEGRAMM мессенжерінде арнайы «Төлеби аудандық білім бөлімі» чаты ашылды.
Сондай-ақ, аудандағы барлық мектептерде jumys.sitcen.kz порталы арқылы қатардағы қызметкерлер мен педагогтарды жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Ауданымызда жұмысқа қабылдаудың осы жүйесімен 4 айдың өзінде 80 бос жұмыс орны жарияланды. Бос орындарға 65 мұғалім тест тапсырып, 25 мұғалім, 24 кіші техникалық қызметкерлер қабылданып, жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне 4 айда balabaksha.sitcen.kz порталы арқылы 1089 бала кезекке тіркеліп, 1047 бала қабылданған.
Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылынан бастап Ленгір қаласындағы №7 жалпы орта мектебі IT мектеп-лицей болып өзгермек. Мақсат математика-физика пәні бойынша терең білім беру, озат оқушыларды дайындау. Болашақта олардың IT-технология саласына қызығушылығын арттыру.