Home Қоғам ТҮРКІСТАН: Бала қауіпсіздігі – бірінші мәселе

ТҮРКІСТАН: Бала қауіпсіздігі – бірінші мәселе

Мектеп оқушыларының офлайн форматқа ауысып, өз білімдерін мектептерде жетілдіруге рұқсат етілгені белгілі. Бір жыл бойы бір-бірімен жолықпаған балалар сағынысып кездесіп, білім сапасының да біршама артқанын көз көріп, құлақ естіп отыр. Алайда, әлемді алаңдатқан індет қатері әлі де сейілмегенін ескеру аса маңызды. Еліміздің өзге өңірлеріндегі ақуалдың күн санап күрделене түсуі карантин шараларының қайта күшеюіне себепкер болмақ. Осы орайда, ата-аналарға да қойылар талап күшейді. Олардан балалардың денсаулығына бей-жай қарамай, мектептегі сақтық шараларының қаншалықты сақталып жүргендігі жайында анықтап отыру қажеттігі жайында Түркістан қаласы әкімі Рашид Абатұлы Аюпов мәлімдеме жасаған болатын.

«Әр мектеп жылы су, қағаз, сабын және басқа да қажеттіліктермен оқушыларды қамтамасыз етуге міндетті»- деп жазды шаһар басшысы. Талаптар орындалмаған жағдайда, 109 нөміріне хабарласып, нақты ақпаратпен бөлісу керектігі айтылды. Түскен шағымдарға байланысты мекемелерге шара қолданылып, тиісті жұмыстар атқарылмақ.