Home Білім ТҮРКІСТАН: АБЫРОЙЫ АСҚАҚ АЙТЖАНОВ МЕКТЕБІ

ТҮРКІСТАН: АБЫРОЙЫ АСҚАҚ АЙТЖАНОВ МЕКТЕБІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында:

Білім саласы ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет.

Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандарты қабылданады. Сондай-ақ, ұстаздардың құзырет аясы айқындалады. Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды. Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі жөнінде пікірталас болып жатыр. Нақты айтайын: біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды  тәрбиелеуіміз қажет. Себебі, бұл ұрпақтың мүддесі үшін керек. Оқу-ағарту министрлігі популистердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қорғауға тиіс. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады.

Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және  еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек. Ата-аналар мен оқушылар алған білімінің және игерген машық-дағдысының сапалы және сұранысқа ие болуы үшін белгілі бір деңгейде жауапты екенін сезінуге тиіс. Сондықтан, олармен де үнемі әріптестік қатынас орната білу керек. Осы мақсатта жеке білім беру ваучерлерін енгізу жоспарланып отыр.

Баланың білім алуына, оның ішінде сыныптан тыс оқуына  мемлекет бөлетін қаражат бірыңғай білім беру есепшоттарында жинақталады. Бір сөзбен айтқанда, мұны балалардың білім алуына инвестиция ретінде жұмсалатын алғашқы мақсатты капитал деуге болады. Бұл қадам еліміздің әрбір азаматы үшін бірдей мүмкіндік қағидатын іс жүзінде қолдануға жол ашады. Жоғары білім саласындағы реформаларды да осы бағытта жүзеге асырған жөн. Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түседі. Сондықтан мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайызға дейінгі аралықта болады.

Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі. Бұл шаралар жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы әріптестік және өзара жауапкершілік қағидатын нығайта түседі, – деді Президент.

Осы орайда облыс тұрғындарына Сауран ауданындағы Т.Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі жайлы маңызды мағлұматтарды ұсынып отырмыз. Сауран ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім ошақтарының басшыларына мектептердің қазіргі материалдық-техникалық жағдайы, оқушылардың білім деңгейі, мұғалімдердің біліктілігі туралы сауалдарға жауап алған едік. Сауран ауданының білім бөліміне қарасты Т.Айтжанов атындағы мектептің директоры Қанат Тасболатұлы Байтишевтің біздің тарапымыздан қойылған сұрақтарға берген жауабымен таныс болыңыздар.

– Қанат Тасболатұлы, Оқу жылы соңына таяп қалды, бітіруші түлектердің саны қанша?

– Сауран ауданының білім бөліміне қарасты Т.Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектепте 2023-2024 оқу жылында бітіруші түлектердің саны 39 оқушы . 11 «А» сыныбында -19 оқушы. 11 «Ә» сыныбында -10 оқушы. 11 «Б» сыныбында -10 оқушы бар.

– Жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық барысына мектеп жауапты емес, дегенмен білім ұясынан түлеп ұшқан оқушылардың жоғары оқу орындарына көптеп түскені сіздерге де үлкен абырой. Түлектердің қанша пайызынан жоғары үміт күтіп отырсыздар?

– Әрине, білім ұясынан түлеп ұшқан оқушылардың жоғары оқу орындарына көптеп түскені біз үшін де үлкен абырой, жетістік. Биыл ҰБТ –ге 85% оқушы өтініш беріп отыр. Барлық түлектерден біз 100 % үміт күтіп отырмыз. Түлектер 11 жылдық білімді түйіндейтін тестке қызу дайындық үстінде. Былтыр 2022-2023 оқу жылында ҰБТ –ге өтініш білдірген. 26 оқушының 22-сі мемлекеттік грантқа қол жеткізсе, 2 оқушы еліміздің ірі ЖОО-ларының арнайы грантына ие болғандығын мақтаныш тұтамыз. «Мектебіміздің бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, пән мұғалімдері тек сабақ оқытады және қосымша сабақтарын өткізеді. Екіншіден, бізде екі мектеп психологы мен арнайы кәсіби бағдар беруші маман бар. Психолог өз бағытында жұмыс атқарады. Кәсіби бағдар беруші әр оқушының қандай мамандыққа оқуға түсуге болатынын, Қазақстанда қандай мамандыққа сұраныс бар екендігін көрсетіп, баламен кешенді түрде жұмыс жүргізеді. Олар баланың қабілетін, қай салаға бейімділігін анықтап, бағдар береді. Әр баланың қабылдауы әр түрлі, мінез ерекшелігі тағы бар. Сондықтан сабақ кезіндегі сергіту шаралары оқушының тақырыпты жақсы меңгеруі үшін қажет. Жеткіншектің өзіне деген сенімділігі жоғары болса, өмір жолында кездесетін қиыншылықтарды жеңе біледі.

Түпкі нәтиже – өзіндік пікірі бар, ойын ашық айта алатын, тұлғалық жағынан қалыптасқан жақсы азамат тәрбиелеу.

– 11 сынып оқушылары ҰБТ-ға дайындалу үшін қосымша сабақтарға барып, мектепке келмейді деген рас па?

– Жоқ. 11 сынып оқушыларының барлығы мектепке түгел келеді. Мектебімізде 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ кестесі бекітіледі. Қосымша сабақ- Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты – оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері – оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже – ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету. Күнделікті сабаққа қарағанда қосымша сабақтағы жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолмен жүзеге асады.

-Осы сұрақ жөнінде редакциямызға оқырмандар тарапынан «Ата-ана ұл-қыздарын мектеп мұғалімдеріне неге сеніп тапсыратыны, алайда ҰБТ-ға дайындық кезінде қосымша сабақтарға қаржы төлейтіні ұстаздар қауымын ойландырмай ма?» деген сауалдар келуде.

Бұған не дейсіз?

– ҰБТ-ға дайындық кезінде қосымша сабақтарға қаржы төлеу ұстаздар қауымын әрине ойландырады.Мектептердің жетістігі оқушының білімді меңгеруімен, оны ойлауымен, дәлелдей алуымен, қорытынды жасауымен жүзеге асырылады. Оқушының білімін ескере отырып, ҰБТ арқылы білімін бағалау – бүгінгі заман талабы. ҰБТ – мемлекеттің қадағалау саласын айқын көрсетіп, оқушылар мен мұғалімдердің бірлесе жасаған еңбегін бағалайтын, білімнің сапалылығына қол жеткізетін көрсеткіш. ҰБТ-ге даярлауда мұғалім-оқушы- ата-ана байланысын дамыта отырып оқумен тәрбиеленудің бірлігін сақтап, түпкілікті нәтижеге қол жеткізетініміз ақиқат.

– Мектеп асханасының сапасын бақылауда ұстау директордың бір міндеті болып есептелетін шығар. Олай болса сіз басқарған білім ұясындағы асханаға қандай баға бересіз?

– Бізде мектептің асханасы 80 орындық.Тамақ пісіру, азық түлік сақтау бөлмелері бар. Асхананы жалға алушы кәсіпкер Асанова Бану. 2023-2024 оқу жылында 1-4 сыныптардан 288 оқушы, 5-11 сыныптардан 51 оқушы (көпбалалы отбасынан 60 оқушы,аз қамтылған отбасынан 60 оқушы,оның ішінде 10 жартылай жетім) бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Асхана аптасына 5 күн: бірінші және екінші ауысымда жұмыс істейді.

Бірінші ауысымда 129 оқушы,екінші ауысымда 159 оқушы тегін тамақтанады. Күнделікті тамақ пен ас мәзірін және оның берілуін мектеп медбикесі А.Сәрсенбаева және әлеуметтік педагог С.Шегенова қадағалайды. Тамақтану бірінші ауысымда сағат 09.35-10.30 аралығында, екінші ауысымда сағат 15.35-16.30 аралығында кезекші мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің көмегімен жүзеге асырылады. Бір балаға арналған тамақтың құны 603,6 теңге. Мектепте жұмыс жасап отырған асхана санитарлық ереже талабына сай. Технологиялық құралдармен, тамақ пісіретін қажетті электр плиталары, ыдыс аяқтар және тоңазытқыштармен қамтылған. Асхананың материалдық -техникалық базасы жақсы деңгейде. Қойма бөлмесі, мұздатқыш жұмыс жасап тұр. Тамақ асханада дайындалады. Асханада 1аспазшы, 2 көмекші,1 ыдыс жуушы,1 еден жуушы қызмет етеді. Аспаздың кәсіптік білімі бар. Жасөспірімдердің тамағының нәрлілігі мен құрамы талапқа сай болуы үнемі басты назарда. Асханада ас мәзірінің орны белгіленіп, күнделікті берілетін дәруменді тамақтар мен жеміс жидектердің ауысып келіп отырылуын мектеп әкімшілігі басшылықта ұстайды. Тамақ пісіруде йодталған тұз пайдаланылады. Сүт өнімдері де белгіленген нормаға сәйкес берілуде. Экологиялық таза сумен қамтылған.Асхананың жұмыс істеуіне қажетті бұйрықтар шығарылып,ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі мен тамақтану кестесі жасақталды.