Home Қоғам ҚҰРЫЛЫС ЖҮРІП ЖАТҚАН НЫСАНДАР БАҚЫЛАУДА

ҚҰРЫЛЫС ЖҮРІП ЖАТҚАН НЫСАНДАР БАҚЫЛАУДА

«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде елімізде әлеуметтік әділеттілік принципін орнықтыруға жәрдемші болып отырған ең ықпалды саяси ұйымдардың бірі. Бұл бағытта партияның саяси тұғырнамасында әрбір азаматтың лайықты медициналық көмекпен және ыңғайлы әлеуметтік ортамен қамтылуын үйлестіру міндеті белгіленген. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасында білім беру, денсаулық сақтау, медицина және халықты әлеуметтік қолдау саласындағы нақтылы индикаторлар белгіленіп, олардың іске асырылуы партия өкілдерінің тұрақты назарына алынған.

Осы ретте, аудандық мәслихат депутаттары М.Нұран, Ж.Сабитовпен бірге Тұрбат елді мекеніндегі партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысына бақылау жүргіздік. Жаңадан салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысын 2024 жылдың тамыз-қараша айына мектептің құрылысын толығымен аяқтап тапсыру жоспарланған. Ғимараттың құрылысына жауапты “Direct Delivery” ЖШС мердігер мекемесінің жауапты мамандарының мәлімдеуінше құрылыс нысаны қажетті материалдармен қамтылған. Одан бөлек, кездесу барысында халық қалаулылыары мердігермен және тапсырыс берушімен объектілерді салу процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады, құрылыстың сапасына баса мән беруді тапсырдық.

Одан бөлек, аудандық мәлихат депутаты М. Нұран және ауыл әкім Б.Махсутовпен бірге партиямыздың жол картасы аясында бой көтеріп жатқан Қызылқия ауыл округі, Атажұрт елді мекеніндегі 100 балаға шақталған білім ұясының құрылысын бақыладық.

Еліміздің болашағы балаларымыз өзін жайлы сезіну үшін заманауи мектептерде білім алса дейміз. 11 жылын мектепке арнайтын балалар сол уақытты өзіне ыңғайлы, жайлы мектепте өткізгені дұрыс. Аталған білім ошағы ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмек.

Өздеріңізге белгілі, қай заманда да көпір мен жол – стратегиялық маңызы бар нысан. Ұлт даналығында «құдық қазған, көпір салған және ағаш еккен, жол салған» сауапқа кенеледі деген тәмсіл бар. Сол сауаптың ең күрделісі мен маңыздысы көпір мен жол салу ісі. Сондықтан, адам тағдырына жауаптылық, қолайлы мүмкіндік жасау жұмыстары кезінде олқылыққа жол беруге болмайды. Осы орайда, аудандық мәслихат депутаты Нұран Маратпен бірге Қызылқия ауыл округіне қарасты,«Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, «КХКZ-28 КХ-45 «Айнатас-Қақпақ»-Калинина (Тұғыртас) аудандық маңызы бар автомобиль жолы 0-7,25 шақырымына партиямыздың жол картасы аясында жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмысымен таныстық. Жөндеу жұмыстарының мерзімі 4 ай. Мердігер: «Алем Транс Жол» ЖШС, Техникалық қадағлаушы: «EMАAR Group» ЖШС. Қазіргі таңда су өткізгіш құбырларын орнату жұмыстары мен ескі асфальт жабындысын фрезалау жұмыстары жүргізілуде. Кездесу барысында, мердігерге кемшіліктерді ескерттік. Ауыл әкіміне қабылдау барысында жолдың,көпірдің құрылысының сапасына баса мән беру керектігін тапсырдық.

Н.Аширов,

Түркістан облыстық мәслихат депутаты