Келес ауданының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміның
ұйымдастыруымен Келес ауданының орталығы Абай ауылында заңсыз жолаушылар
тасымалына қарсы рейдтік іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараға Келес аудандық полиция бөлімінің мамандары қатысты.
Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде ауылішілік тұрақты бағыттар бойынша жолаушыларды
тасымалдау қағидаларын бұзған және заңсыз
жолаушылар тасымалымен айналысқан 14 автокөлікке ҚР ӘҚБК-не сәйкес 14 хаттама
түзіліп, автокөлік жүргізушілеріне заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары
жүргізілді.
Аталған рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта
аудан көлемінде тұрақты түрде жүргізілетін болады.