Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының Арыс қаласындағы жетекшісі Осман Дәрібаев пен «Қолғабыс» қайырымдылық қорының жетекшісі Сырлыбек Мұсабековті қабылдады.
Кездесу аясында тараптар еріктілер тобын құру арқылы арыстық жастармен игілікті іс-шараларды белсенді ұйымдастыру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда сырт көрінісі келісті етіп жасалған пластикалық қоқыс жинайтын арнайы қондырғылар орнату жайы сөз болды.
«ЭКО ARYS» қозғалысының ұйымдастырушысы Оспан Дәрібаевтің айтуынша, бұл қондырғыларда, тек қана қайта өңделетін пластикалық құтылар ғана жиналады.
«Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтарын және жастарды тазалыққа немқұрайлы қарамауға үндеу болып табылады», – дейді ол.
Ал «Қолғабыс» қайырымдылық қорының жетекшісі Сырлыбек Мұсабеков тұрмысы төмен әрі көпбалалы отбасыларға қол ұшын созып, көмек көрсету мәселесіне қатысты жоспар-жобаларымен бөлісті.