Home Басты жаңалықтар ЕЛБАСЫ ШЕШІМІ ТҮРКИЯДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕЛБАСЫ ШЕШІМІ ТҮРКИЯДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

-Бүгiн тағылымы тамаша iстiң куәсi болдық. Елшiлiгiмiз ғимаратында Қазақ елiнiң кемел келешегi мен Тұңғыш Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевтың таяудағы тарихи шешiмiн кеңiнен қаузаған келелi конференция өттi, – деп жазады Мырзахан Байжанұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Онда Түркия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы кiрiспе сөзбен бастап, мәжiлiстiң мәнiн тиiмдi түрде тiлге тиек еттi. Сонымен бірге, жиынға қатысқан Түркия Президентiнiң кеңесшiсi Ялчын Топчу мырза дәйектi ойларымен дараланса, Күршат Зорлу, Фейзуллах Будак, Намык Кемал Зейбек сынды ғалым-қайраткерлер кезегiмен сөз тiзгiнiн ұстап, Елбасы шешіміне қатысты тақырыпты талдады.
Мәжiлiс мәресiне жеткенде Анадолыдағы ағайынның Қазақ елi мен Тұңғыш Президентiне деген ерен құрметi кемерден асып, сабасынан тасыған сары қымыздай шүпiлдеп тұрды.
Сырлы сұхбат жиын соңында да жалғасып, Түркi тұтастығының қамын жеп жүрген Намык Кемал Зейбек ағамыз бастаған абыройлы азаматтардың кеңесiне қанықтық.