Home Қоғам ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ БАТЫРЫ – КҮШ АТАСЫ ҚАЖЫМҰҚАН

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ БАТЫРЫ – КҮШ АТАСЫ ҚАЖЫМҰҚАН

Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын алғашқы боп өзге елге танытқандардың бірі, қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің Сапар орталығында «ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ БАТЫРЫ – КҮШ АТАСЫ ҚАЖЫМҰҚАН» тақырыбында көрменің ашылуы өтті. Айтулы мерейтойға арналған көрмені көпшілікке Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы «Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі» ұсынды. Көрмеде қазақ даласының батырына тиесілі құнды жәдігерлер мен құжаттар, өмір жолын айғақтайтын суреттер қойылды. Көрменің ашылуында сөз алған Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің директоры Райымбекова Гүлдария Рыстайқызы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай музей қорына күш атасына байланысты өткізілген жәдігерлер алғаш рет Отырар жерінде көпшілікке ұсынып отырғандығын айтып өтті. Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтарына аталған көрме 1 ай көлемінде ұсынылады.