Home Uncategorized АЙНҰР НҰРАШОВАНЫҢ « ЖАЙНАЙ БЕР ЖАСТАР ЖАҢАША » АТТЫ АЛҒАШҚЫ ӘН КЕШІ ӨТТІ

АЙНҰР НҰРАШОВАНЫҢ « ЖАЙНАЙ БЕР ЖАСТАР ЖАҢАША » АТТЫ АЛҒАШҚЫ ӘН КЕШІ ӨТТІ

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншісі, « Ерен еңбегі үшін » медалінің иегері Айнұр Нұрашованың « Жайнай бер жастар жаңаша » атты алғашқы ән кеші өтті.
Он сегіз жыл бойы өнер жолында еңбек етіп жүрген күміс көмей әншінің жеке шығармашылық концерті театрландырылған қойылыммен бастау алып, « Анамның жаққан ошағы » әнімен ашылды. Айнұр Жұмабекқызы « Тұмар » фольклорлы ансамблі және « Алаш » вокалды аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен дәстүрлі, халық әндері мен халық композиторларының таңдамалы туындыларын орындап, көрермен ықыласына бөленді. Сондай-ақ, концертке ҚР Мәдениет қайраткерлері Айжан Тәженова, Жұбаныш Жексенұлы қатысып, тыңдармандардың жүрегінен орын алған әндерінен шашу шашты.