Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ САЯБАҚҚА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ САЯБАҚҚА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Таза Қазақстан» акциясы науқандық емес, тұрақты дағдыға айналатын бастама екенін айтты.

Осы бастаманы қолдап, киелі Ордабасы ауданында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов халықпен бірге тал егіп, ауданның тазалық жұмыстарын жүргізді. Игі іске Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбайұлы, облыс мәслихатының депутаты Ғани Райымбеков және аудандық мәслихат төрағасы, ауыл тұрғындары мен жастары, ақсақалдар қатысты.

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы өте жоғары деңгейде жалғасып жатыр. Үш апта көлемінде мыңдаған көшет отырғызылып, елді мекендер мен көшелер тазаланды. «Киелі мекен» апталығында Нұралы Әлмаханұлы жалпы халықты, өңір жұртшылығын сенбілік жұмыстарын жасауға, әр тұрғын тазалықты өзінен бастап, жерімізді қоқыстан арылтуға жұмыла атсалысуға шақырды.