Home Мәдениет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ МӘСКЕУГЕ АТТАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ МӘСКЕУГЕ АТТАНДЫ

 « Түркістан сарайы » концерттік ұйымының « Фараб » би ансамблі Мәскеу қаласында өтетін Наурыз мерекесіне аттанды.
Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген би тобы өңірімізбен қатар шетелдік сахналарда да төл өнерді насихаттап келеді.
Өткен жылы Түркия Республикасының Бурса қаласында өткен XXXII « Алтын Қаракөз » Халықаралық би фестивалінде 23 мемлекеттің ішінен еліміздің намысын қорғап »ТҮРКСОЙ » Халықаралық ұйымының арнайы жүлдесіне ие болса, Түркияның Инегел қаласында өткен Мәдениет және өнер фестивалінде жүлделі бірінші орынды иемденген болатын.