Home Мәдениет « Самұрық-Қазына » АҚ Түркістан қаласын түлетуге ерекше үлес қосуда

« Самұрық-Қазына » АҚ Түркістан қаласын түлетуге ерекше үлес қосуда

Түркістан облысының әкімі мен « Самұрық-Қазына » АҚ Басқарма төрағасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірлескен жобаларды талқылады.

Қазіргі уақытта « Самұрық-Қазына » тобының портфельдік компаниялары газдандыру, электр энергетикасы, электрондық коммерция, пошта қызметтері, ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым саласында бірқатар жобаларды іске асыруда. Сондай-ақ, әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Алдағы бірлескен бастамалар арасында инклюзияны қолдау ресурстық кабинетін жабдықтау, көпфункционалды спорт кешендерін салу, « Түркістан-Шымкент-Ташкент » жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салу және басқа да бірқатар жобалар талқыланды.

Өңір басшысының айтуынша, « Самұрық-Қазына » қоры Түркістандағы бірнеше маңызды әлеуметтік-маңызды нысандардың құрылысын қамтамасыз етті. « Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында қор еліміздің рухани астанасының дамуына үлкен үлес қосты », – деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы « Самұрық-Қазына » қоры бес әлеуметтік маңызды нысанды облыс әкімдігіне тегін берген болатын: Х.А. Яссауи мұражайы, 7000 орындық стадион, оқушылар сарайы, Конгресс-холл және « Қазпошта »АҚ облыстық бөлімшесінің ғимараты.