Home Мәдениет «ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА КӨРМЕ ӨТТІ

«ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА КӨРМЕ ӨТТІ

Түркістан қаласы №16 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде өткен «Ұлттық тәрбие – жалпы адамзаттық құндылық» атты қалалық семинар аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Өркениеттер тоғысындағы Түркістан» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

Көрмеге Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің қолжазба көшірмелері, ХХ ғасырдың басында Қазан баспасында басылған хикметтер кітабы, «Мұхтасар», «Қалам шариф», «Софы Аллаяр»-Әулиенің өсиеттер кітабымен қатар ХІХ ғасырға тән этнографиялық жәдігерлер және «Тайқазан» көшірмесі қойылды.

Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде әрбір адамның өмірде алатын орны, жан-дүние тазалығы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы туралы музей қызметкерлерінің дәрісін семинарға қатысқан ұстаздар қауымы мен мектеп оқушылары тыңдады.