Home Мәдениет ҚАЗЫНАНЫҢ БИШІЛЕРІ РЕСЕЙДЕ ЛАУРЕАТ АТАНДЫ

ҚАЗЫНАНЫҢ БИШІЛЕРІ РЕСЕЙДЕ ЛАУРЕАТ АТАНДЫ

23 – 25 наурыз күндері Ресей Федерациясының  Санкт-Петербург қаласында өткен VII Халықаралық « Розы России-2019 » бишілер байқауында халықаралық, республикалық би байқауларының жеңімпазы « Қазына » би ансамблінің солистері Сыдықова Гүлназ, Жүрсінбек Ақтөре қатысып, арнайы І-дәрежелі марапатқа ие болды.


Сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, « Қазына » би ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері  Әжібекова Зәуре Бекембайқызы « Шығармашылық ынтымақтастық үшін » және би ұжымы « Жоғары дәрежедегі кәсіби ұжым »,  « Шынайы әрі жаңаша саxналық xореографиялық қозғалыстары үшін », « Ұлттық би », « Заманауи xореография » (дуэт) номинацияларымен марапатталса, Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы бас консулы Иманбаев Болат Бариұлы арнайы алғыс хат және халықаралық тәжірибе алмасу бойынша сертификат табыстады.


Түркістандық « Қазына » би ансамблі VII Халықаралық « Розы России-2019 » байқауында « Қара жорға », « Домбыра », « Аңшылар », « Көзімнің қарасы » және ұйғырдың « Долан-машрап »,  « Чин-Таxса » билерін билеп, көрермен ықыласына бөленді.