Home Қоғам ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ШҰБАРСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ШҰБАРСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай Ордабасы ауданына арнайы жұмыс сапары барысында Шұбарсу ауылдық округінде болып, Мемлекет басшысының « Халық үніне құлақ асатын мемлекет » тұжырымдамасының негізінде ауыл тұрғындарымен келелі кездесу өткізді.

Жиын барысында Мирас Асқарбайұлы 2020 жылдың соңында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қол қойған Заңға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырып, пара алу, пара беру, делдал болу әрекеттеріне көрілетін жаза түрінің қатаңдатылғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Агенттік тарапынан атқарылып жатқан негізгі жұмыстарға тоқталып өтіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның жолын кесу – әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігін тілге тиек етті.

Кездесу соңында ауыл тұрғындарының талап-тілегіне құлақ түріп, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.