Ағымдағы жылдың 13 мамыры күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция басқармасының басшысы Ғ.Жүндібаев пен « Түркістан – Адалдық алаңы » жобалық кеңсесінің менеджері Е.Әдиат облыстық көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, теміржол жолаушылар тасымалының тиісті жұмыс істеуін және жүк тасымалдау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Атырау – Алматы және Маңғыстау – Алматы бағытындағы жолаушылар пойыздарына рейд жұмыстарын жүргізді.
Рейд жұмыстары барысында сигналды белгі беруші жарықшамдарының жеткіліксіздігі және істен шыққандығы, сондай-ақ жолаушылардың тамақтануына арналған орындардың талапқа сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Анықталған кемшіліктерді жою бойынша аталған пойыздар тиесілі мекемелерге 52 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.
Алдағы уақытта да « Адал жол » жобасы аясында тиісті жұмыстар өз жалғасын табатын болады.