Home Қоғам ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 2019 ЖЫЛЫ ҚЫЛМЫС САНЫ 15,1 ПАЙЫЗҒА КЕМІГЕН

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 2019 ЖЫЛЫ ҚЫЛМЫС САНЫ 15,1 ПАЙЫЗҒА КЕМІГЕН

Бұл жайында бүгін аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мұрат Әбілханұлы аудан тұрғындары алдында берген есебінде мәлімдеді.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен есеп беру кездесуіне аудан әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы, Түркістан облыстық полиция департаментінің жедел криминалистикалық басқармасының бастығы, полиция полковнигі Танкеев Ержан Берікұлы, аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаттары, аудан тұрғындары, аудандық және ауылдық округтердің қоғамдық кеңестің төрағалары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның төбе биі, дербес бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ, кент әкімдері қатысты.

Есептік кездесуде аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мұрат Әбілханұлы 2019 жылы аудан аумағында орын алған құқық бұзушылық пен қылмыстар жайында баяндап, олардың алдын алу жолдарымен бөлісті.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген мал ұрлығы бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға тоқталып, алдағы уақытта аудандық мекемелермен бұл бағыттағы бірігіп атқаратын жұмыс жоспарымен бөлісті.

2019 жылдың 12 айында 94 жайты анықталған. ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабымен “ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін” – 94 жайттың, 54 азаматына 1 313 000 теңге айыппұл салынып барлығы өндірілген. Ал, қалған 33 тұлғаға қатысты іс-құжаттар басқа аудандарға тиісті шара қолдану үшін аумақтық ветеринария бөліміне жолданып, 7 азаматтарға қатысты құжаттарының заңдылығы бойынша ескерту шаралары жарияланған.

Мал ұрлық санатындағы қылмыстар бағытында профилактикалық жұмыстар Түлкібас ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі прокуратура және ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түлкібас аудандық-аумақтық инспекциясымен бірлесе сатылымға бара жатқан малдардың және құжатсыз сырғаланбаған мал айналымына жол бермеу, тосқауыл қою және тасымалдауына жол бермеу мақсатында бас құжатын тексеріп, Түлкібас АІІБ-не жеткізу амалдары жүргізілуде.

Баяндаманы аяқтай отырып, АПБ бастығының міндетін атқарушы М.Әбілханұлы, құқық бұзушылық және қылмыспен күресте алдыға қойылған тапсырмаларды орындауға қажетті барлық шаралар әрі қарай жалғаса беретіндігін айтып өтті.

Кездесуді қорытындылау үшін мінбеге Түркістан облыстық полиция департаментінің жедел криминалистикалық басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Берікұлы шығып, аудандық полиция бөлімінің өткен жылғы жұмысына оң бағасын берді. Және өз сөзінде басқарма бастығы құқық бұзушылық пен қылмыстын алдын алу мақсатында ауылдық жерлерде бейнебақылау камераларын көбейту қажеттігін тілге тиек етіп, жергілікті полиция қызметкерлеріне халықпен тығыз жұмыс жасауын тапсырды.