Home Қоғам ТҮРКІСТАН: « ШИПА » ЖОБАСЫ БОЙЫНША 300 ОТБАСЫНА ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖІБЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: « ШИПА » ЖОБАСЫ БОЙЫНША 300 ОТБАСЫНА ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Бүгін « Шипа » жоасы бойынша Түркістан облысының аудан қалаларындағы 300 мұқтаж отбасына дәрі-дәрмек қобдишасы жіберілді. « Nur Otan » партиясы фракциясының депутаттары мен кәсіпкерлердің бұл көмегін « Jas Turkistan » еріктілер клубы мен аудандардағы « жасотандықтар » және жастар ресурстық орталығының еріктілері тұрғындарға жеткізуде.

« Nur Otan » партиясының Түркістан облыстық филиалы пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында « Өмір » және « Шипа » жобаларын қолға алған болатын. Осы арқылы өңірдегі ауруханаларға жасанды тыныс алу аппараттарын және мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізу көзделген.
Бүгін аудандарға дәрі-дәрмек жөнелтілді. « Jas Otan » жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұманның айтуынша, ел азаматтары мен кәсіпкерлер жобаларға қызу қолдау көрсетіп жатыр.
« Бүгін  » Шипа » жобасы бойынша аудан, қалалардағы мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек-дәрі-дәрмек жолдап отырмыз. Ерікті жастар бұл бастамаға қолдау көрсетуде. Біз осындай қадамдар арқылы тұрғындарға көмек қолын созуды мақсат тұттық. Партия филиалына, « нұротандық » депутаттарға, демеуші ағаларға, волонтер жастарға алғысымыз мол »,-дейді ол.

«