Home Қоғам КЕҢШІЛІККЕ САЛЫП, КЕМШІЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕНДЕР АНЫҚТАЛДЫ

КЕҢШІЛІККЕ САЛЫП, КЕМШІЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕНДЕР АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.05.20 ж. № 17 Қаулысына сәйкес, іске қосылған кәсіпкерлік нысандардың жұмысы барысында қаулы талаптарының сақталуына Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті мен Түркістан қалалық басқармасы мамандары тарапынан мониторинг жүргізілді.

Түркістан қаласындағы Тәуке хан даңғылы н/з мекен-жайда орналасқан 3 шаштаразда («VID», 2 шаштараздың атауы жазылмаған) тұтынушыларға маскасыз, қолғапсыз қызмет жасау дерегі анықталды. Шаштаразда санитайзер де, антисептик те жоқ болып шықты.
Сонымен қатар, келушілерден маскамен кіруі талап етілмейді. Қызмет көрсету жұмысы алдын ала жазылу бойынша ұйымдастырылмаған. Қашықтықты белгілейтін белгілер қойылмаған немесе арнайы орындықтар орнатылмаған. Қолданылған құрал-жабдықтар (бигуди, қысқыштар, қалпақтар, тарақ пенн қайшы) әр клиенттен кейін ағынды сумен жуылмайды.

Тәуке хан көшесіндегі «Құралай», «Нәзік ару», «Саида», «Камила» және «Жұлдыз» сұлулық салондарының қызметкерлері тек Департамент мамандары тарапынан ескерту жасалғаннан кейін ғана маска мен қолғап киіп, әрі қарай жұмысын жалғастырды. «Нәзік ару», «Құралай», «Камила» және «Саида» салондарында қолды өңдеуге жағдай жасалмаған.
«Саида» салонында келушіден кейін қырқылған шаштарды арнайы қапшыққа жиналмай кейінгі клиентке қызмет жасауда.

Түркістан

stopCovid