Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: « АУАДАН ВИРУС СЕБІЛЕДІ » ДЕГЕН ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН АЗАМАТША ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: « АУАДАН ВИРУС СЕБІЛЕДІ » ДЕГЕН ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН АЗАМАТША ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Бүгін әлеуметтік желіде « Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар » деген сарында жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпараттың жалған әрі шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Сіздерді, яғни Түркістан облысының тұрғындарын осы секілді мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Сондай-ақ, дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы « Көрінеу жалған ақпарат тарату » бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеміз. Осы ақпаратты « WhatsАpp » желісіндегі топтарда таратқан Отырар ауданының 1973 жылы туған азаматшасы қазіргі таңда құзырлы органдармен анықталып, жауапкершілігі қарастырылуда.