Home Басты жаңалықтар « BIRGE » АКЦИЯСЫ – ӘР ҰСЫНЫСТЫ ЕСКЕРЕДІ

« BIRGE » АКЦИЯСЫ – ӘР ҰСЫНЫСТЫ ЕСКЕРЕДІ

Елімізде 13-мамыр мен 7-маусым аралығында « BIRGE » жалпыұлттық акциясы өтеді. Республикамыз бойынша ұйымдастырылған акция я Қазақстан Республикасының Президенттігіне « Nur Otan » партиясынан ұсынылған Қ. К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына негізделген.

«Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен кандидаттың сенімді өкілдері түркістандықтарға арнайы парақшаларды таратуда. Басты ерекшелігі парақшаны толтыру арқылы кез келген азамат ұсыныс-тілектерін білдіруіне болады. Акцияны жүзеге асыру мақсатында арнайы шатыр тігіліп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. « Жасотандықтардың » жүйелі жұмысымен танысқан Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының облыстық қоғамдық штабының төрағасы Ұласбек Сәдібеков штаб тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатқандығын атап өтті.