Home Әлеумет « TÚRKІSTAN BAQ – 2020 » БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

« TÚRKІSTAN BAQ – 2020 » БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында 2020 жылғы 15 мамыр-15 маусым аралығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен « TÚRKІSTAN BAQ – 2020 » байқауы ұйымдастырылған болатын. Байқау шартына сәйкес, 23 маусым күні байқауға қатысқан үміткерлер еңбегін екшеген БАҚ кеңесінің мүшелері өзінің шешімін шығарды. Бұл ретте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған « TÚRKІSTAN BAQ – 2020 » байқауының қорытындымен таныс болыңыздар. «АЛТЫН ҚАЛАМ» номинациясы – Ерболат Айнабеков, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі. « ТҮРКІСТАН ТЕМІРҚАЗЫҚ » номинациясы – Мақсұт Айтжанов, «Оңтүстік» телеарнасының Түркістан облысы бойынша тілшілер қосынының жетекшісі »ТҰРАН САЙЫПҚЫРАНЫ» номинациясы – Жұмабеков Жандос, Хабар24 телеарнасының Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі«ОБЪЕКТИВ» номинациясы – Қайсар Шерім, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің фотографы ЖАҢА АҚПАРАТ» – «Oinet.kz» ақпараттық-сараптамалық порталы «ҮЙЛЕСІМ» номинациясы – «Әділет: Рухани жаңғыру» газеті. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, «Ұлы Абай» тақырыбындағы үздік деректі фильмі – «Айғақ» телеарнасы,Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Фараби феномені» тақырыбындағы үздік деректі фильмі – « Оңтүстік » телеарнасы, «ТҮРКІСТАН ЖАНАШЫРЫ» – Владимир Привалов, «Южный Казахстан» газетінің тілшісі «АЛТЫН КӨПІР» номинациясы- Бейбіт Қазыбеков, Жетісай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.Байқауға қатысқан әріптестерден бөлек, бірқатар журналистер облыс әкімі Ө.Шөкеевтің Грамотасы, Алғыс хатымен марапатталса, тағы бірқатары облыс әкімінің орынбасары С.Қалқамановтың Алғыс хатымен, « Nur Otan » партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасарының « Алғыс хатымен және Қоғамдық даму басқармасы басшысының « Құрмет грамотасымен » марапатталды.Мереке құтты болсын, қаламы қарымды журналистер қауымы!