Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: « АДАЛ КӨМЕК » НАУҚАНЫ КИЕЛІ ӨҢІРДЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН: « АДАЛ КӨМЕК » НАУҚАНЫ КИЕЛІ ӨҢІРДЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен « Түркістан – адалдық алаңы » жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өңір жұртшылығына « Адал көмек » науқаны аясында тегін заңдық кеңес көрсетілді.

Игілікті шараның негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету арқылы алаңдатқан мәселерінің шешу жолдарын қарастыру және заң аясында бағыт-бағдар беру.

Тұрғындарға кеңес беруге бірқатар білікті мамандар, соның ішінде нотариус, сот орындаушылар секілді заң өкілдері мен бір топ ерікті жастар қатысты.

« Адал көмек » науқанында мамандар кеңесіне жүгінген жұртшылықтың басым көпшілігі әлеуметтік, жер, салық, тұрғын-үй, жеңілдікпен несие алу сынды мәселелермен келіп, мамандардан толымды заңдық кеңес алды.

Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар түйткілді сұрағына жауап алып, толық мәліметке қанықты.

Айта кетсек, ақысыз жүргізілген « Адал көмек » беру науқаны алдағы уақытта да өңір жұртшылығына көрсетілетін болады.