Рашид Абатұлы қалаға түнгі бақылау жұмыстарын жасады.
⠀
Алдымен, қоғамдық көліктердегі залалсыздандыру жұмыстарының талапқа сай жүргізіліп жатқандығын бақылап, оларға орнатылған GPS құрылғыларының жұмысын көрді.
⠀
Теміржол вокзалы мен аумағындағы аллеяның құрылыс жұмыстарын жүйелі жасау қала әкімінің назарында. Келушілерге жайлы жағдай жасау қажеттігі де ескертілген. Жуық арада жұмыстар аяқталып, пайдалануға беріледі.
⠀
Сонымен қатар, аталған орындарда COVID-19 індеті таралуының алдын алу шараларын да жіті тексерді. Залалсыздандыру, тазалық сақтау, антисептиктер мен медициналық бетперделердің ондай орындарда болуы қажеттігін айтты.
⠀
Рейд барысында дүкен, тойхана, кафелердің уақытылы жабылуын қадағалау барысында бір дүкеннің жұмыс жасап жатқандығы белгілі болып, полиция тарапынан ескерту берілді.
Ал, көпқабатты үй иелері үшін « Жылу » мекемесі кеше тұрғындарды соңғы жылуымен қамтамасыз етті. Яғни, бүгіннен бастап жылу беру тоқтатылады. Мекеме қорындағы 327 тонна көмір үнемделді.
⠀
Келесі маусымнан бастап Түркістандағы жылу жүйесінде қатты отыннан сұйық отын, яғни, газбен іске асатын 3 қазандық болады. Нәтижесінде, денсаулыққа және экологияға оң әсерін тигізбек.