Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласындағы «Амантай» автобекеті
жанынан «Балақай» әлеуметтік дүкені ашылды. Аталған сауда
орталығында оқушылардың мектеп формасынан бастап, отбасылық
киім-кешектер мен аяқ киімдер, тұрмыстық заттардың кең таңдауы бар.
Мұндағы тауарлар базар бағасынан 20-30 пайызға арзан саудалануда.
Өйткені, бұл орталыққа тауарлар көршілес елдердің фабрикаларынан тікелей
тасымалданады.
Айта
кетейік, бүгінде «Балақай» дүкендер желісі Түркістан облысының барлық
аудан-қалаларында жұмыс істейді. Енді міне, Жетісай ауданында өз
жұмысын бастап отыр. Ауданымыздағы көпбалалы және тұрмыстық жағдайы
төмен отбасыларға көмек қолын созғысы келген дүкен басшылары мұндағы
бағалардың көтерілмейтіндігіне уәде беріп отыр.