Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АЛҒАШҚЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АЛҒАШҚЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың мамыр айында Арыс қаласы, Дермене ауылынан «Дермене Агро Групп» ЖШС директоры, жеке кәсіпкер Дүйсенбі Дінмұхаммед Рахымжанұлы өз қаржысы есебінен үш балық асырау бұғатының (бассейн) құрылысын бастаған болатын.
Бүгін сол құрылысы жүргізілген балық асырау бұғатының негізгі құрылысы аяқталып, үш милионға жуық тұқы «карп» шабақтарын жіберу рәсімі өтті.
Шараға Арыс қаласы әкімі М.Қадырбек, ауылдық округі әкімі Ж.Кадиев бөлім басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл ардагерлері қатысты. Шабақтар Қызылорда облысы, Арал қаласындағы қолдан балық өсіру шаруашылығынан жеткізілген.
«Дермене Агро Групп» ЖШС директоры Д.Дүйсенбі 1 жыл 6 ай мерзімде алғашқы балық өнім алуды жоспарлауда. Бір тұқы «карп» балығының ұзындығы 40 сантиметр, салмағы 800гр мен 3 килограмм аралығында болатындығын мәлімдеді.
Қазіргі таңда балық асырау бұғатында 4 азамат тұрақты жұмыс жасауда. Жеке кәсіпкер Д.Дүйсенбі аталған балық асырау бұғаты орналасқан жердің аумағынан жасыл желектер егіп көгалдандырып, абаттандыруды жоспарлап отыр.