Home Білім ТҮРКІСТАН: «ӨРЛЕУМЕН»    БІРГЕ    ӨРЛЕГЕН ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗДАР  

ТҮРКІСТАН: «ӨРЛЕУМЕН»    БІРГЕ    ӨРЛЕГЕН ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗДАР  

      Қоғам – үдемелі құбылыс, үнемі дами отырып, жаңғыра түседі. Қоғам дамуының айғағы білім. Білім кемесі – мектеп. Сол кемемен өмір теңізінде еркін жүзу үшін мұғалім үнемі ізденіс үстінде болып қана қоймай, оқушыны өз бетінше ойлауға және әрекет етуге қалай үйретуі қажет? Шынында да, қазіргі әлемде теориялық білімді үлкен көлемде ие болудан гөрі, өмірлік мәселелерді шешуде қолдана алатын білім мен тәжірибеге сүйену қабілетіне ие болу ұтымды.

    Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Осы мақсатты көздеген Өрлеу «БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен  2024 жылы 02.09-13.09 аралығында «SMART-оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары» тақырыбындағы орта білім беру ұйымдарының пән мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы киелі Түркістан қаласында өтілуде.  Курс кураторы, білікті маман, аға оқытушы  Кужимова Жанагул Турабековна өз жұмысын сапалы лекциялармен бастап, оны практикамен ұштастырып отырды. Жаңа бағдарламаны тыңдаушы мұғалімдер  оқу іс-әрекетіндегі: оқушымен қарым-қатынасты нығайтып, баланың танымдық белсенділігін дамытудың тиімді тұстарын, жасанды интеллект тақырыбын тереңінен  зерттеп,  зерделеп  игерудеміз. Курстың барысында біз оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері, SMART-оқыту негіздері, SMART-технологияларды қолдану арқылы білім берудің тарихы мен эволюциясын SMART-оқытудағы негізгі терминдер мен ұғымдармен танысып, оқу жоспарына сай, тыңдаушы мұғалімдер «Функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту үшін заманауи технологиялар мен инновациялық оқыту әдістерін қолдану» тақырыбы аясында көшпелі тәжірибелі сабақты жоспарладық.

       №28 мектеп-лицей директоры Нысанкулова Лазат Жаналиевна курс тыңдаушыларын өзі қарсы алып, бүгінгі шараның бағдарламасымен таныстырды. «Жай  мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» дегендей мектеп–лицей басшысы мектеп тарихына тоқталып, мектеп-лицейге экскурсия жасап, атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты көрсетіп, түсіндіріп берді.

       Шығыс ойшылы Жүсіп Баласағұн: «Адамның мәңгі болмағы, оның ары мен елі үшін еткен еңбегінде»,-деуінің өзі бекер емес, өйткені ұстаздықтың ұлы жолын таңдаған әр адамның бойында үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек ету қасиеттері болуы шарт.  Біз бұл пікірдің дұрыстығына тағы да көз жеткіздік.

Себебі, мұғалім – мектептің жүрегі, ал ол үнемі соғып тұрмаса нәтиже болмайды.

           Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің  жан – жақты, білімі қажет. Жаңа форматтағы «SMART-оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары» біліктілікті арттыру курсы менің күнделікті жұмысыма деген көзқарастарымды түбегейлі өзгертті, екінші жағынан, өзіме, педагогикалық тәжірибеме басқа көзбен қарауға ықпал етті. Теориялық,тәжірибелік біліммен сусындай отырып, іс жүзінде қызметімді басқаша істеу және қажет екендігіне көзім жетті.    Әлбетте бұл тұста айтарлықтай қиындықтар туындауы мүмкін, өйткені мен бір емес бірнеше жылдар бойы қалыптасқан әдеттерден, стереотиптерден және көзқарастардан бас тартуыма тура келеді. Әр іс-әрекетімді бағдарламаның идеяларымен байланыстырдым, жаңа идеяларды енгізу қажет және нәтиже береді деген қорытындыға келдім.

     Курс тыңдаушысы ретінде, мұғалім тек білім беретін адам ғана емес, әр үйдің бір  шамшырағын, балалардың бойындағы дара қабілеттерін анықтайтын жан-жақты тұлға болу керектігін  ұғындым. Осы ретте жаңартылған білім мазмұнының мақсат-міндеттерімен таныстырып, түрлі стратегияларды үйреткен курс тренері Кужимова Жаңагүл Турабекқызына, Өрлеу «БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтына алғысымды айтамын.

Д.А.Бакирова, У.Ж.Исабекова.