Home Білім ТҮРКІСТАН: САНДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОРНЫ

ТҮРКІСТАН: САНДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОРНЫ

Осы жылдың 28 тамыз күні Кентау қаласында білім беру саласының қызметкерлерінің басын қосқан тамыз кеңесі өтті. Биылғы жылы ол «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналады.

Дәстүрлі тамыз конференциясына – қала әкімінің орынбасары А.Н.Байболова, Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» кафедра меңгерушісі Өтеген Бекет Үсенбекұлы, қалалық маслихат төрағасы Е.Ж.Елеусизов, қалалық маслихат депутаттары, орта арнаулы білім ұйымдарының басшылары, білім саласы қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, қатысты. Кеңестің модераторы білім бөлімінің басшысы Ә.А.Ауелбеков болды.

Алқалы жиында өңірдегі білім саласында инновациялық цифрлы жобаларды енгізуде біршама жұмыс атқарып жүрген Ә.Молдағұлова атындағы №19 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі, экология магистрі, органикалық химия пәні бойынша докторант Әбсейт Алтынбек Серікбайұлы, М.Горький атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.А.Жадигерова баяндама жасады.

Iс-шара соңында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер Ы.Алтынсарин төсбелгісімен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, республикалық, облыстық, қалалық алғыс хаттармен марапатталды.

«Цифрлық Қазақстан» жүйесі елдің әлеуметтік-экономикалық салаларының барлығына үлкен өзгерістер алып келеді. Себебі ақпараттық технологиялар мен платформалар бизнес үлгілерін түбегейлі өзгертіп, делдалдарды жою және оңтайландыру арқылы олардың тиімділігін арттыруда. Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірінше, жоғары жылдамдықты интернетті пайдаланушылар саны елімізде 10 пайызға артса, ол жылдық ішкі өнімнің жылдық өсімін 0,4 пайыздан 1,4 пайызға дейін арттыруы мүмкін.

Бүгінде облысымызда жергілікті атқарушы органдар тізімі бойынша халыққа мемлекетік қызметтің 172-ден астам түрі көрсетіледі. Атап айтсақ, оның 58-і мемлекеттік корпорация арқылы, 158-і электронды, 14-і қағаз түрінде атқарылады. Жылсанап олардың түрі де, сапасы да автоматтандырылуда.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Жуалы ауданында денсаулық, білім, көлік, бақылау бейнекамералары салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Атап айтар болсақ, аудандарда барлық саланы қоса алғанда жүзден аса мекеме және мемлекеттік мекемелердің филиалдары бар, олардың барлығы Интернетке қосылған.
Дегенмен бұл бағытта оң өзгерістер бар. Қазақстанда цифрландырудың бастауы 2013 жылы «Ақпараттық Қазақстан – 2020» бағдарламасы қабылданған кезде қаланды. Ол ақпараттық қоғамға көшуге, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, «ашық және мобильді үкімет» институттарын құруға, корпоративтік құрылымдар үшін ғана емес, сонымен қатар ел азаматтары үшін де ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға бағытталды. Одан кейінгі қадам «Цифрлық Қазақстан» жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу болды.
Жаңа бағдарламаның басты мақсаты – тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, экономика мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін цифрлық экожүйені үдемелі дамыту. Бағдарламаны іске асыру төрт негізгі бағыт бойынша, атап айтсақ, цифрлық Жібек жолын іске асыру (сенімді, қолжетімді, жоғары жылдамдықты және қауіпсіз цифрлық инфрақұрылымды дамыту), креативті қоғамды дамыту (цифрлық экономика үшін құзыреттер мен дағдыларды дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс, АКТ мамандарын даярлау), экономика секторларындағы цифрлық трансформациялар (бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін цифрлық экономиканың әртүрлі секторларына технологияларды кеңінен енгізу), проактивті жағдайға көшу (электронды және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру) жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа тағылымды білім берудің жаңаша жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алғаны баршамызға белгілі. Әрине, бұның баршасы оқу үдерісіндегі әжептәуір өзгерістерге байланысты ұйымдастырылып отыр. Сондықтан да барша ұстаздар қауымының алдында тұрған ең негізгі ауқымды міндеттері: оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алу мүмкіншіліктерін дамыту әрі жақсарту.

Білім беру практикасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жалпы білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан жаңалықтар деп айтуға болады. “Қазіргі кезеңде мектеп өмірінде болып жатқан жаңа үрдістердің айырмашылығы неде?” деген мәселелер туындайды. Айырмашылықты түсіну үшін білім сапасын қамтамасыз етудің өзімізге және өркениетті елдерде іске асып жүрген жолдарын салыстырып көруге болады деп ойлаймыз. Алдымен «нені оқыту?» деген сұрақ аясында жеке пәндер бойынша берілетін білімнің құрамы мен құрылымы анықталып, көлемін нақтылау қажет. Бұл үрдіс тарихи кезеңдерден өтіп, бүгінде дәстүрлі болған оқу пәндер жиынтығы болып қалыптасты. Әр пән аясындағы білім мазмұнын оқушыға жүйелеп, өңдеп дайын күйінде жеткізетін болғандықтан, «қалай оқытамыз?» деген сұрақ аясында әдістемелік ізденістер пайда болып отыр. Біздің ойымыз бойынша, педагог шәкірттерге жүйеленіп, өңделген оқу материалды дайын күйінде ұсынбау керек, баланы өз бетімен іздестіруге керекті қасиеттермен қаруландырып отыру үшін жұмыс жасау қажеттігін ескеру керек.

Мұғалімдерге қойылатын талаптар жетерлік. Солардың бірегейі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технология – ақпараттық комуникациялық технологиялар. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның бүгінгі даму кезеңінде осы заманға сай жан-жақты білімді шәкірт тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті.

Ал енді, «АКТ құралдары» дегеніміз – ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан-жақты тарату, программалық-аппарттық және техникалық құралдар мен құрылымдар. Әсіресе, білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта; мультимедия; интернет кеңістігі; электронды оқулық.

Білікті мұғалім үшін ең негізгі мақсат – сабақтарын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны іске асырудың бірден бір жолы – сабақ барысында АКТ қолдану. Оқыту процесі кезінде АКТ-ның бірі интерактивті тақтаның көмегімен сабақта тіл дамытуға арналған жаттығулар мен анимациялық түрде берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың негізгі пәндерге деген қызығушылығын арттыруға болады. Ал видео материалдарын сабақтарда қолдану мен перзентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде, қиялды, абстрактілі ойлауды дамытып отырады. Презентациялар біріншіден оқушыларға жаңа материалды түсіну, игеру үшін (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар , т.с.с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса , екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Әсіресе, әдебиет сабақтарында үнтаспа арқылы түрлі аудио өлеңдер, ертегілер мен шығармаларды тыңдауға болады.