Home Білім ТҮРКІСТАН: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

«Кез келген ұлттың өсіп-өркендеуіне, күш-қуаты мен бақытының дамуына білім беру саласынан артық ештеңе көмектесе алмайды», – деп Т. Джефферсон (АҚШ президенті) айтқандай, әлемнің ғылым мен білім технологияларының жедел дамыған уақытында еліміздің білім саласының түбегейлі өзгерістерді үздіксіз қажет етуі заман талабы екенін түсіну қажет. Осы бағытта  министр С.Нұрбектің басшылығымен орындалып жатқан жұмыстарыдың нәтижелері қазіргі уақыттың өзінде біршама оң көрсеткішке ие болуын мойындау қажет. 

Кез келген әлемдік кризистер түрлі мәселелердің бетін ашып беретіні және жаңа мүмкіндіктерді бағытын айқындайтыны табиғи құбылыс. Сондықтан білм саласында жасалынған іс-шаралар мен олардың орындалуына сипаттама берсек, мысалы академиялық ашықтық пен адалдық мәселесіне көңіл бөлінуі; Алтын белгі иегерлері білім деңгейлерін анықтау үшін Назарбаев зияткерлік мектептерінде емтихан тапсыруы, мектеп оқушысының әлеуметтік-қоғамдық жағдайын анықтайтын  «Балаға  лайық» республикалық акциясының жүргізілуі, мамандандырылған мектептерге түсу үшін әлеуметтік осал отбасылардың балалары үшін жаңа 15% квотаның енгізілуі, орта білім мекемелеріне арналған оқу материалдарының сапалық қасиеттерін сипаттайтын педагогикалық талаптардың жоғарылауы; жоғары білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ауыл мектептерінің түлектері үшін 35% – ға дейін квота деңгейінің жоғарылауы, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар орталықтарының ашылуы, мектептің материалды техникалық базасының жетілдірілуі (халықаралық PISA бағдарламасы нәтижесі негізінде); өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының қызметі, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды медициналық-әлеуметтік есепке алынуы; әлеуметтік көмектің жаңа түрлері – аз қамтылған отбасылар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет және көп балалы отбасылар үшін мемлекеттік жәрдемақы енгізілуі тағы сол сияқты іс-шараларды айтуға болады. ЖОО деңгейіндегі жасалып жатқан білім беру деңгейін арттыратын іс-шаралар деңгейі де қарқынды жүруде.

Бұл саладағы шешімін табуды қажет ететін негізгі мәселелер: инклюзивті білім беру шеңберінде педагогикалық ұжымның дайындығының төмендігі, жеңіл ақыл-ой кемістігі және ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін қажетті әдістемелік әдебиеттер мен оқулықтар санының кемшілігі. Ең басты мәселе бұл ерекше білімді қажет ететін балаларға әлеуметтік кедергілерді жою, яғни қазіргі кездегі мектеп, ЖОО деңгейіндегі күрделі психологиялық-педагогикалық ахуалды айтуға болады. Мұнда мектептің академиялық саясаттарын, жұмыс тәжірибесін және қоғамдық сананы қалыптастыратын түрлі тәрбиелік шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету басты орында болу керек. Статистика деңгейлері мен жылдық көрсеткіштерді сараптасақ инклюзивті білім беру жағдайларын жасаған облыстардың ең төменгі деңгейі Түркістан, Қарағанды және Алматы облысын айтуға болады. Әрине, бұл облыстарда оқушылар контингенті де жоғары екенін ескеру керек.

Осы топтағы әрбір оқушыға жеке жағдай жасау қиындық туғызады, себебі ерекше білім беру қажетттіліктерге (ЕБҚ) ие оқушылар мен ағымдағы оқу процессіндегі білімгерлерге әдістемелік дайындық үлкен күшті қажет етеді, себебі мұғалім кем дегенде бала санына қатысты соншама білім беру бағытын жасауы керек. Ерекше балалар тобы оқу бағдарламасымен бөлінген уақытта толық әрі сапалы игере алмайды, бос қалған білім пробелдерін қосымша сабақтармен өтелмейтінін жасырмау қажет. Әрине, ерекше балаларға ата-аналары оқытуға көмектесуі қазіргі экономикалық жағдайда мүмкіншілік аз, себебі ата-ана баласын әлеуметтік жағдайын жақсартуға көп көңіл бөледі, ал қалған шараларға жағдайлары жетпейді, және де педагогикалық сауаттылықтары да ақсайды. Мектептің әдістемелік қызметін ескерсек, блім алушылардың диагнозына сәйкес арнайы дидактикалық және

Қазіргі заманның білімді инновациялық шешімдерін генерациялай алатын ұрпақ тәрбиелеуде ғылым мен білімнің орны ерекше, онда ғылым ұстазының  ақпараттандырылған, IQ деңгейі жоғары, дүниетанымы кең, парасатты  болуы міндетті. Сондықтан оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруін қамтамасыз етуі мемлекеттік бағдарламалармен қолдау табуда. Мысалы, магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін, ғылыми педагогикалық тағылымдамалардан өту үшін «Болашақ» халықаралық бағдарламасынан стипендиялар бөлінуде. Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Негізгі назар инженерлік-техникалық кадрларды даярлау болғандықтан, «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT-мамандықтарға гранттар саны 60% – ға дейін ұлғайды.

Еліміздің білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты тетігі ретінде экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге Жаңа бағыттағы – Жаңа Қазақстанның жастарына білім беріп, бәсекеге қабілетті маман дайындау сапасына қатысты талаптарды күшейту мемлекеттік маңызды ұстаным деп ойлаймын. Осындай жетістіктерге жету әрине көп күш пен қаражатты қажет етеді, бұл болашақта Қазақстанның білім мен ғылымының жаһандық бәсекеге қабілетті етуінде орны ерекше.