Home Білім «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» АТТЫ ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ ЖАЛҒАСУДА

«МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» АТТЫ ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ ЖАЛҒАСУДА

«Қоғамға қызмет» жобасы аясында «Мейірімді жүрек» игі істер марафонын жалғастырушы «Мұзтау» мен «Отырар» Шаңырақтар қауымдастығының оқушылары Кентау қаласында орналасқан тірек ауылдық мектебі «№12 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» бағына шырша ағашын екті.

«Мейірімді жүрек» игі істер марафонының мақсаты – қоғамға мейірімділік пен жанашырлықты насихаттап, мұқтаж жандарға қолдау көрсету. Аталған шара оқушылардың бойында әлеуметтік жауапкершілік пен ізгілікті нығайтып, қоғамның әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосуға ықпал ететіні сөзсіз.

Ағаш егу – табиғатты көгалдандырудың және болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлықтың маңызды көрінісі. Оқушылар отырғызған шырша ағаштары жылдар өте келе мектеп ауласын көркейтіп қана қоймай, қоршаған ортаны жақсартуға да үлес қосады.

Бұл игі бастама жас ұрпаққа табиғатқа деген сүйіспеншілік пен экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың жарқын үлгісі болмақ.

2024 -2025 оқу жылында бастау алған игі іске қатысқан 7«D»,8«М»,9«С»,10«С»,7«К»,8«В»,9«В»,10«F» сынып оқушыларын біріктірген «Мұзтау» мен «Отырар» Шаңырағының ата-аналары, оқушылары мен педагог-ұйымдастырушы-кураторлары Айберген Жолымбекұлы мен Ақерке Асанәліқызы және де “Қоғамға қызмет” жобасы үйлестірушісі Балжан Жуманалиевнаға алғыс білдіреміз! Себебі аталған іс-шара қоғамдағы мұқтаж жандарға көңіл бөлудің маңыздылығын көрсетіп, жақсылық жасаудың қарапайым, әсерлі жолдарын насихаттай білді.