Home Басты жаңалықтар ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 20 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 20 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

«Отырар» мөлтек ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 5 қабатты әрқайсысы 1, 2, 3 бөлмелі 60 пәтерден тұратын 11 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, 3 көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасы қаланып, 6 тұрғын үйдің құрылысы жуық арада басталмақ.
Аталған тұрғын үйлердің жобалық сметалық құны 7 млрд. 440 млн теңгені құраса, аумағы 7,4 гектар жерге орналасқан. Құрылысты 7 мердігер мекеме жүргізуде.
Түркістан қаласы әкімдігі “Құрылыс бөлімі” ММ-нің
басшысы Тәжібай Егетаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында 660 пәтерлі 11 көпқабатты тұрғын үй, ал, жыл соңында 540 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл үйлер қаламызда үй кезегінде тұрған сегіз мыңнан астам тұрғындарға өз кезегімен берілетін болады.
Айта кетейік, жаңа мөлтек ауданда сондай-ақ жеке инвестор есебінен көпқабатты 6 ипотекалық тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Ал, бұл үйлер «7-20-25» бағдарламасы аясында пайдалануға берілмек.