«Тұңғыш Президент» саябағы, «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайын абаттандыру құрылысының бірінші кезегі, Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы қалалық саябақ және Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақтың бірінші кезегі жыл соңына дейін қабылдаудан өтіп, халық игілігіне берілуі тиіс.
Қазіргі таңда саябақтардың көгалдануы басты назарда. Сонымен қатар, 71 үйдің құрылысы аяқталып, 4124 пәтер (234,0 мың ш.м.) пайдалануға беріледі деп күтілуде. Әлеуметтік әлсіз топтағы және көп балалы отбасыларға 320 пәтер (14,6 мың. ш.м.) үлестіру жоспарлануда.Жұмыс сапары барысында қала басшысы мердігер мекемелерге суару жүйесі мен өскіндердің күтіміне ерекше көңіл бөлуді тапсырды.
Қала әкімі одан өзге, “Парасат” саябағы аумағындағы қайта жаңғырту жұмыстары мен “Тұран” тұрғын үй алқабындағы топырақ жолдарға тас төсеу жұмыстарын көріп, тиісті бөлім басшысына бірқатар ескерту жасады.