Home Басты жаңалықтар Түркістан облысындағы мектеп оқушыларының тәрбие мәселесі бойынша жиын өтті

Түркістан облысындағы мектеп оқушыларының тәрбие мәселесі бойынша жиын өтті

Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасының “Тәрбие және қосымша білім беру ” бөлімі ұйымдастыруымен алқалы мәжіліс өтті. Аталған мәжілісте “Жас Ұлан”, “Жас қыран” қозғалыстарының жұмысын пысықтау мәселелері мен осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстары сараланды. Бұл туралы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Тәрбие және қосымша білім беру” бөлімінің басшысы Жандос Маханбетов айтып өтті. Ол республикалық “Жас ұлан” , “Жас қыран” жұмыстарын жан-жақты жандандыруды әңгіме өзегіне айналдырды. Сондай-ақ, елдегі карантиндік жағдайларға байланысты жұмыс сапасы төмен екендігін ескертті. Бұдан соң сөз Түркістан облыс әкімінің кеңесшісі, облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тобының жетекшісі Илхам Ибрагимұлы Абулхайровке берілді. Илхам Ибрагимұлы сөз барысында кешегі қаңтар қақтығысындағы оқиғалар туралы және тәрбие тал бесіктен басталатынын баса айтып, Жас өрендер болашағына пайымды ойларын жеткізіп, сәттілік тіледі. Бұдан соң, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының бөлім басшысы, республикалық «Жас қыран», «Жас ұлан» патриоттық қозғалысының облыстағы төрағасы Оразбай Қыдырбайұлы да өз кезегінде сөз алып, облыстағы балалар балалар тәрбиесі мен атқарылып жатқан шаруалар алдағы уақытты өз жемісін береріне сенім білдірді.. Ел болашағы үшін аянбай қызмет етуге, үздіксіз жұмыстар жүргізуге шақырды. Мәжіліске қатысушылар баяндамашыларға өз сұрақтарын қойып, облыстағы балалар тәрбиесіне қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тобының жетекшісі Илхам Ибрагимұлы Абулхайров, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметкерлері, аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің басшылары мен тәрбие саласына жауапты мамандары, әдіскерлері және Түркістан қаласында орналасқан мектептердің директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.