Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН АЛЫП ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ

ТҮРКІСТАН АЛЫП ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ

Түркістан қаласы облыстың орталығы болуына орай қала аумағындағы жаңа жоспар бойынша көптеген нысандардың құрылысы жүргізіледі.

Осыған орай, 98 гектар жерді құрайтын екінші аймақ аталатын «Рухани-мәдени орталық» аймағына қажетті жерді дайындау мақсатында қала әкімінің қаулысымен мемлекеттің қажеттілігі үшін 168 нысан мен жер телімін (14 кәсіпкерлік, 154 тұрғын үй) қайтару жұмыстары жүргізілуде.


Осы аталған 98 гектар жердегі «Рухани-мәдени орталық» аймағынан «Ұлы дала елі» кешені, «Қожа Ахмет Ясауи мұражайы», «Амфитеатр», «Шығыс моншасы», «Әуенді су бұрқақ», «Қабылдау Орталығы» мен «Түркі халықтарының ғылыми кітапханасы» бой көтеретін болады.


Жалпы Түркістан қаласының әкімшілік іскерлік аумағы мен «Рухани-мәдени орталық» аумағынан бой көтеретін басты құрылыс нысандары еліміздің өзге облыстарының тарапынан қасиеттті қаламызға тарту ретінде салатын болады. Олар атап айтсақ, «Ұлы дала елі» ғимаратын Атырау облысы, Облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы Шымкент қаласы, «Әзірет-Сұлтан тарихи-мәдени қабылдау орталығын» Жамбыл облысы, «Әуенді су бұрқақты» Шығыс Қазақстан облысы, «Шығыс» моншасын Қызылорда облысы, «Саз мектебін» Батыс Қазақстан облысы, Амфитеатрды Маңғыстау облысы, «Неке сарайын» Қостанай облысы, Медиа орталықтың құрылысын Алматы қаласы тұрғызатын болады. Бұл нысандардың құрылысы қазіргі таңда басталыпта кетті. Бір қатары осы жылдың күзінде, бірқатары келер 2020 жылы пайдалануға берілетін болады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген: Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.