Home Басты жаңалықтар Кентауда “Ұлттың ұлы ұстазы” атты библикофе өтті

Кентауда “Ұлттың ұлы ұстазы” атты библикофе өтті

Кентау қаласында А.С.Пушкин атындағы 6 ЖО мектептің базасында 22.02.2022 жылы Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог,қоғам қайраткері, қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ұлттық жазудың реформаторы, Алашорда өкіметінің мүшесі,өз халқын сүйген патриот А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған “Ұлттың ұлы ұстазы” атты библикофе өтті.Шара барысында тарих, қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Ісшара барысында “Әліппе” оқулығын жазған, қазақ балаларының сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы, еңбектері туралы ой толғады.Еңбектерінің бірі “Қырық мысал” талқыланды.