Home Басты жаңалықтар Кентау көпсалалы колледжінде пікірталас өтті

Кентау көпсалалы колледжінде пікірталас өтті

Кентау көпсалалы колледжі “Ұшқыр ой” дебат клубының және “Саналы ұрпақ” жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен І, ІІ курс топтары арасында “Ғарыштық ұшуларды шектеу керек пе?” атты тақырыпта дебат ойыны өтті. Аталған Дебатқа ЭС-20-1, ГС-20-1, СЭЗиС-21-1, АТ-21-1, ВТиС-21-1, ББМ-21у-1 оқу топтарының ойыншылары қатысты. Жалпы жартылай финалға ББМ-21у-1, ВТиП-21-1, ГС-20-1, СЭЗиС-21-1 оқу топтарының ойыншылары үздік танылып, жолдамаға ие болды.

Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарыш­сыз елестете алмайды. 1961 жыл­дың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жете­тiнiн ойламаған болар.  Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құ­былысы, мал жайылымы, ауыз су­дың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iс-сапарда болдым. Олардың бос жатқан же­рiн көрiп, неге игермейтiнiн сұра­дым. Сонда олар: «Бiздер, Еу­ропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түр­лерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiм-шартқа отырдық. Бұл жер – игерiл­меуге тиiс жер,  сол үшiн де ақы тө­лейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiз­дердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пай­да таппас­қа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Де­мек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған. Егер еккен өнiм өтпей қал­са, ысырап болады. Мiне, ғарыш­тың пайдасы» – дейдi М.Әбенов.