Қасым-Жомарт Тоқаев «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-музейінің археологиялық және архитектуралық ескерткіштерімен танысып,
Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді.
Мемлекет басшысына мәдени нысандардың қайта жөндеу жұмыстары және
қорық-музейдің аумағын абаттандыру барысы жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне облыс әкімдігінің, басқармалар мен
департаменттердің әкімшілік ғимараттарын, сондай-ақ Конгресс холлды, Медиа орталығын,
«Ұлы дала елі» орталығын, оқушылар сарайын, туризм колледжін, «Астана» алаңын,
әуенді субұрқақты, халыққа қызмет көрсету орталығын және басқа да
әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу барысы туралы есеп берілді.