Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарына қарасты «Жарық-Жол» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылғылары аудандық маңызы бар көшелерді қардан дер кезінде арылтуға дайын.
Тайғақты жерлерге құм-тұз араласқан инертті материал шашу, жаяу жүргіншілер жүретін жол аяқтарды қардан тазалау жұмыстарына жалпы саны – 25 жұмысшы тартылған. Қыс маусымында қар күреуге арналған 3 МТЗ тракторы, 1 камаз, 1 погрузчик, 1 эксковатор 1 Грейдер бар.
Алдағы уақытта «Жарық Жол мекемесі» жалпы аудан бойынша 10 бағыттағы көшелерді қардан тазалайтын болады.