Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ҒИМАРАТТАР ҚАЛАҒА ЗАМАНАУИ КӨРІНІС БЕРЕТІН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ҒИМАРАТТАР ҚАЛАҒА ЗАМАНАУИ КӨРІНІС БЕРЕТІН БОЛАДЫ

Киелі шаһарымыздың көркейіп, сәулетті ғимараттардың бой көтеруіне өзге облыстар мен қалалар және еліміздің алпауыт компаниялары атсалысуда. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы – «Астана» алаңын, Алматы қаласы – Медиа орталық, Шымкент қаласы – облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын бастады. Алматы облысы – «Жастар сарайы» ғимаратын, «ҰӘҚ Самұрық-Қазына» АҚ – «Қожа Ахмет Ясауи» мұражайын, Ақтөбе облысы – «Әзірет Сұлтан» қорығында мәдени-демалыс нысандарын салмақ. Ал, Атырау облысы – ашық аспан астындағы мәдени-тарихи музей, Шығыс Қазақстан облысы – әуенді субұрқақ, Солтүстік Қазақстан облысы – облыстық спорт мектебін, Павлодар облысы – халыққа қызмет көрсету орталығын сыйға тартуды жоспарлаған. Сондай-ақ, Жамбыл облысы – мәдени-тарихи Визит орталығын, Батыс Қазақстан облысы – тарихи-киелі орындар орталығын, Қостанай облысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратын, Қызылорда облысы – Шығыс моншасын, Маңғыстау облысы – Амфитеатрды салатын болады. Бұдан басқа, әуежайдың, әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда.