Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 600 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БІЛІМ ҰЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 600 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БІЛІМ ҰЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Егемендік алған жылдан бері Түлкібас ауданында 27 мектеп, 30-дан астам балабақшалар салынып ел игілігіне берілсе, бүгін міне аудандық білім ошақтарының қатарына Азаттық ауылынан су жаңа 600 орындық мектеп қосылып отыр.


Қуанышты сәтті тамашалауға ауыл тұрғындары тайлы- тұяғы қалмай жиналды. Немерелері осында оқитын қариялар батасын беріп, ақ жаулықты аналар шашуларын шашты білім ошағының салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Н.Тұрашбеков арнайы келді.
Салтанатты шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» дегендей, біз келешек ұрпаққа жақсы білім беруді басты назарда ұстауымыз қажет. Ал, жастарымыздың сапалы білім алуына жағдай жасау Сіздер мен біздің басты міндетіміз. Сондықтан, болашақ ұрпақ үшін аянбай еңбек етейік қадірлі ұстаздар. Жас ұрпағымыз білімді, тәрбиелі азаматтар болуы, өркениетті елдердің қатарына қосылудың бір кілті- деп, жиналған қауымды білім күні мекресімен және жаңа білім ұясының ашылуымен құттықтады.
Жаңа ғимарат заман талабына сай 2-информатика, 1-физика, 1-химия, 2-мультимедиа, 2-лингофон, 1-биология кабинеттері, 4-шеберхана, спортзал, акт залы, кітапхана, асхана, медициналық кабинеттермен қамтылған.


Ауданда бүгінгі таңға 59 жалпы орта мектеп жұмыс істейді, онда 21911 оқушы білім алса, соның ішінде 2830 оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отыр.
Сондай-ақ, биылғы жылы ауданда халық санының өсуіне және жастарымызға сапалы білім алуға жағдай жасау мақсатында Пушкин, Бреусов, Шевцов, Кошевой, Жамбыл, Сеславино, Алтынсарин мектептеріне күрделі жөндеу мен қосымша корпус құрылыстары жүруде.
Сонымен қатар, салтанатты жиында аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ө.Мәткеримов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек және бір топ зиалы қауым өкілдері мерекеге орай құттықтауларын жеткізіп, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтады.