Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ҮШІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ҮШІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы Шардара ауданының жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың үшінші сессиясы өтті. Сессияны сессия төрағасы Нұржан Нөсеров жүргізіп отырды. Сессияда барлығы 13 мәселе қаралып, талқыланды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – «Аудандық білім бөлімінің 2018-2019 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі туралы» аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Дариға Нұсқабаева, күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Достық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі» бойынша Достық ауылдық округінің әкімі Рахымжан Әнуарбек, «Ақшеңгелді ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі» бойынша Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімі Сержан Бейсенов, «Сүткент ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі» бойынша Сүткент ауылдық округінің әкімі Олжас Айдосов, «Аудан көлемінде бюджет есебінен 2019 жылы жүргізілген құрылыс нысандарының сапасы туралы аудандық құрылыс бөлімінің есебі» бойынша аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Асанбай Махашев хабарлама жасады. Жиында жасалған хабарламалар бойынша аудандық мәслихат депутаттары Перизат Смайылова, Ермек Иса, Ғалымжан Асылбеков сауалдар қойды. Аудандық құрылыс бөлімі басшысының хабарламасы бойынша уақытша комиссияның төрағасы депутат Дәулет Бектасов жарыссөзге шығып, аудан көлемінде атқарылып жатқан құрылыс нысандарындағы жұмыстар жайлы шолу жасады. Күн тәртібінде мұнан басқа да мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Аудандық мәслихаттың хатшысы Арман Қарсыбаевтың ұсынысымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағалығына Қабыланбек Жұмабек сайланды. Сессия жұмысына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ағатай Тәженов қорытынды сөз сөйлеп, депутаттардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.