Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, «Жартытөбе» ауылдық округі «Тәуекел» шаруа қожалығын базасында «Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыруда – бір алқаптан 2-3 өнім алудың тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, ғалымдар, аудан/қала, ауыл округтері әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Сондай – ақ семинар қатысушыларына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тұқым, тыңайтқыштар, гербицидтер жеткізушілер өнімдері мен асыл тұқымды «Гиссар» қойларының көрмесі таныстырылды. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндеттер көп. Соның негізгісі – ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайта отырып саладағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру.Осыған орай, 2019 жылдан бастап облыста «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы қолға алынды.2020 ж. бұл бағытта 128 ауыл округте 5,2 мың гектарға 1999 жоба жүзеге асырылып 262,5 мың тн. өнім өндірілді. Осы жобалардың нәтижесінде қосымша 18,4 млрд.тг өнімі өндірілді. Тәжірибе көрсеткендей жобаның тиімділігі жылына 1 гектардан 7 – 8 млн. тг дейін табыс табуға болатындығын көрсетті, яғни 2- 2,5 есеге артық өнім алуға болады. Климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысы Қазақстандағы ең қолайлы өңір болып табылады. Облыста 71,0 мыңға жуық шаруашылықтар бар, Республиканың 35 %. Былтырғы жылы ауыл шаруашашылығы салаларын дамыту бойынша 8 облыстық, республикалық семинар-кеңестер өткізіліп, агроөнеркәсіп субъектілерін озық технологияларды енгізуге ынталандыру, ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Осы бағыттың тиімділігіне орай, ағымдағы жылы 6,0 мың гектарға 2760 жобаны жүзеге асыруды жұмыстары басталды. Қазіргі таңда 3,4 мың гектарға 1622 жобаға бірінші өнім егілді. Семинар кеңес қорытындысымен, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Жаһандық мәселеге екендігіне назар аударып, ішкі сыртқа нарықта бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту мақсатында аудан/қала әкімдері мен агроқұрылым басшыларына жаңа технологиялар мен инновацияларға қарқынды бет бұру шараларын қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Home Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА – БІР АЛҚАПТАН 2-3...