Кітап қай кезде де маңыздылығын жоғалтпаған асыл қазына. Кітап, бұл руxани байлықтың кілті. Кітап оқыған адам білім көкжиегі кең, сөздік қоры бай, мәдениетті, байсалды, тез шешім қабылдауға бейім, өз пікірін еркін жеткізе алатын болады. Жалпы жақсы кітап оқу өмірде жеке тұлға болып қалыптасуға көмектеседі. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақты кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Жастарды кітап оқуға тарта отырып, қоғамды тәрбиелейміз» деді.
Әлем бойынша жапон халқы кітапты ең көп оқитын елге жатады екен. Дамыған елдердің алғы сатысында тұрған бұл ел кітап оқу жағынан көпке үлгі. Мемлекет басшысы бізде оқитын ұлтқа айналуымыз керек деп баршамызды білімге шақырды. Бүгінде замануи бағытта балабақшалар, мектептер, салынып білім алуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Соның ішінде кітапхана саласы үздіксіз тынымсыз, еңбектер жасап, түрлі іс-шаралармен сабақтасып жатыр. Ең бастысы әрбір адамның бойында кітап оқуға деген құлшыныс артса болғаны.
Созақ аудандық орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен «Kitap Time – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Өнегелі кітап – өмірлік серігің…» атты іс – шара өткізілді.
Кітап мерекесіне аудан әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы арнайы сыйға келген кітаптармен және кітап көрмелерімен танысып, іс – шараның ашылуына қатысты.
«Kitap Time – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалін өлке қаламгерлері: Тұрысбек Шылманбетов, Тілеубек Ыбырайымұлы, Мұхтар Алтынбекұлы сөз сөйлеп, мерекенің маңыздылығына тоқталып, ізгі тілектерін арнады. Жергілікті ақын,жазушы, « Қазақстан жазушылар одағының мүшесі» Мақсат Қарғабай Жеңісұлы ағамызда кешке өз үлесін қосқан болатын. Дәл осы күні кітап мерекесі республиканың көпшілік кітапханаларының ұйымдастыруымен еліміздің әр өңірінде өткен болатын. Мәдени іс-шараға Қазақстан бойынша кітапты насихаттауға ерекше көңіл бөлінген болатын.
Қазақстан бойынша мәдени іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетел елшіліктерінің өкілдері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, суретшілер, қолөнер шеберлері, иллюстраторлар, блогерлер, БАҚ өкілдері, ата-аналар, балалар, студенттер, кітапханашылар, оқырмандар және қала тұрғындары қатысқан болатын.
Кітап әркезде де құндылығын жоғалтпаған қоғамның айнымас бөлігі іспетті. Қай кезеңде де кітап сенің өмірлік серігіне айнала алады. «Кітап Time» республикалық кітап фистивалі кітап қандай ерекше құндылық, қазына екенін біз байқаумызға болады. Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Ол баланың ой-өрісін өсіріп, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Бірақ өткен заман артта қалып, күн сайын жаңарып жатқан техника мен технологиялар дамыған кезеңде кітап оқитын көзі қарақты оқырманның саны азайып келеді. Ал қазіргі кезде интернет парақшалары мен желідегі ойындардың жанында баланы тіпті кітапқа қызықтыру мүмкін емес.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. “Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік”, – деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын кітап маған тақтан да қымбат”, – деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген – кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. “Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол”, – дейді Баус. Кітап – сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен – кітап. Кітапты құндылығын жоғалтпайтын әрине білім бұлағы.
«Ауыл кітапханаларына 100 кітап» жобасы аясында демушілеріміз ТОО “Central Asia Mining Co” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, Сейтжанов Рахымжан Иманжанұлы және Созақ аудандық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Баймұсаев Бақдәулет 250 кітапты кітапхана сыйға тартып, оқырмандар назарына ұсынылып, кітап көрмесінің таныстырылымы өтсе, «Кітап деген бір әлем» тақырып аясында мерекелік шара балалар кітапханасының бастамасымен жалғасқан шара «Бағалашы, бауырым барыңды…» жас ақын Дайрабай Еркебұлан Серікбайұлының рухани құндылықтары насихатталып, әсем әндер, жыр шумақтар оқылды.
Айтулы шараның мақсаты- кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интелектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын кітап оқуға тарту, көркем әдебиетке деген құштарлығын, өскелең ұрпақтың рухани- адамгершілік білімін арттыру.
Ауыл кітапханаларына 100 кітап жобасының өзі нені көрсетеді? Кітаптың маңыздылығын, адамға беретін жан азығын ескере отырып кітаптың адам өміріне қалай әсер ететінің, ой өрісін дамытуға, сана-сезімін алға қарай өрістенуінде, білімді адамдар қатарында болуына септігін тигізеді. Білімнің қайнар көзі кітапта екені де түсінікті жайт.
Айтулы шараға ақын, жазушыларымыз Созақ ауданымыздың белгілі тұлғалары қатысқан болатын. 100 кітап жобасының өзі қандай бастама бола алатын ауылдық кітіпханаларының, ауыл жастарымен үлкен қарияларының дамуына, кітап сөрелерінің толығуына, таусылмас киелі жер кітапхананың алға қадамдануына үлкен үлесін қосатынына сеніміміз мол. Қандай жақсы кітаптар болсын қазіргі кездегі оқитын кітаптар тізіміне жатқыза аламыз.
Айтулы шара барысында елімізге белгілі атақты ақын Қалқаман Сарин ағамыздың өзі көрмемізге ерекше көңіл бөліп, өз кітабын кітапханаға тарту еткен болатын.
Бұл шарада кітапхана, кітап деген ұғымдардының қандай құндылығы бар екенің жете түсіндіріп кітап оқуға құштар жастарды, оқырмандарды кітапханаға шақырып, киелі жер кітап құндылығын ұғындырып, ұнаған қай кітап болмасын тауып беруге ынталы екенің айта өткен болатын. Кітап құндылығының маңыздылығы, баса назарға алынды және жаңа кітаптар көрмеге қойылды.
«Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» бастауымен кітапқа ынталандыру мақсатында жаңа жобаны қолға алған болатын. Ол жоба әрине қазіргі кезде ұялы телефон, әлуметтік желілерден қолдары босамайтын мектеп оқушыларына «Сыныбыммен рухани орда төріндемін» жобасы қолға алынды. Әрине ол үлкен сыныптар арасында 8сынып және 11 сынып аралығында өтетін болады. Өйткені қазіргі ересек сыныптардың үлкен өмір жолына ой өрісі кем емес, кең қылып білімді азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеуге санасын қалыптастыруға бірден-бір маңызды қадам. Бұл жобада: Ай бойы оқыған кітаптарыңыз есептеліп, ай қортындысы бойынша «Мыңжылқы» мәдениет сарайының маңдайшасында үлкен көлемдегі баннерде сынып оқушыларының суреттері коллаждары жасалатын болады. Кітапқұмар сыныпты кітапхананың «sozakkitapkhana» инстаграм және «Созақ ОКЖ» фейзбук әлеуметтік желілеріне жарияланады. Кітапқұмар әр оқушыға және сынып жетекшісіне өз есімі жазылған қойын дәптері кітапхана атынан сыйға беріледі. Бұл жоба кітап құндылығын асқақтата түспесе де зиянын тигізбейді. Кітап оқы да трендте бол! Кітап оқу, сауат ашудан бастап, кітаптың құндылығын түсінетін адам, ой түкпірімен, санасымен әрі қарай кітап арқылы бәріне жетуге болатының көрумізге болады. Білім кітапта, мөлдір су бұлақта екені айтпаса да түсінуміз керек.
Халқымыз әр ғасырда-ақ ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелі сөздерін кітаптан алған.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. “Кітап дегеніміз – тіл байлығын қалыптастырушы, дамытушы құрал. Болашақ үшін кітаптың маңыздылығы ерекше орын алады. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі бола алады. Ойдың ұшқырлығы, жоғарыда айтқандай адам бойындағы асыл қасиеттер, жаман әдеттерді жеңіп көркем мінез, тұлғалық ой-пікір қалыптастырады. Қазақ халқының мына сөзі айқын дәлелі іспетті: бала берсен сана бер, сана бермесен ала бер осы сөздің өзі баланың саналы болуы бірінші оқу білімінде, арласатын ортасында болып отыр.
Кітап құндылығы әр заманда да ерекше жоғары орын алатыны белгілі. Өйткені адам өміріндегі ішкі құндылық, сыртқы бейне бәрі-бәрі білім бұлағынан бастау алады.
Кітаптар әр-түрлі жанрларда, әр-түрлі жастағы адамдарға арналған болады. Бірақ қандай кітап болмасын, кітап ең алдымен жаңа эмоциялар беретін зат болып қалады. Өйткені адам кітап оқыған сайын оның ішкі жан-дүниесі, дүниеге деген көзқарасы ауысып отырады. Кітап ішіне сүнгіп, автордың жеткізбекші болған ойын бүкіл жан-тәнімен сезіне алады, сол кітаптағы кейіпкер өзі сияқты сезімде болады. Әрине ол жазып отқан жазушының қызықтыра алуында, оқырман жүрегіне орын алуында.
Кітап оқымаған адам – тамырсыз қаңбақ. Өркениетті мемлекет болу үшін жеке пенделерді ғана байытып отырған материалдық байлық емес, ол мемлекетке адамдарының рухани байлығы керек. Кітап – сол рухани байлықтың негізі бөлімі.
Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де – кітап болатын. Сондықтан да, “кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі”, – дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. Кітап құндылығы ешқашан өшпейтін, әрқашан өрлейтін жақсылыққа бастау алатын құндылықтардан тұрады.
Е.Дайрабай.