Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: МЕРЕЙІ ТАСЫҒАН ОТБАСЫ

ТҮРКІСТАН: МЕРЕЙІ ТАСЫҒАН ОТБАСЫ

Жерлесіміз, Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Арман Романұлы Қарсыбаевтың отбасы облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған «Мерейлі отбасы-2019» ұлттық конкурсына қатысып, бас жүлдені иеленді.
Арман Романұлы 2005 жылы Токиода өткен армрестлингтен әлем чемпионатының жеңімпазы, 2001 – 2017 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында Армрестлинг спортының негізін қалаушы, Армрестлингтен Қазақстан Республикасының «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Азия чемпионы, Азия кубогының иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, 2005 жылғы облыстың үздік спортшысы, «Шардара ауданының Құрметті азаматы», Шардара ауданының 2006 жылғы «Жыл адамы» номинациясының иегері.
2015, 2016, 2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының «Үздік жаттықтырушы», Армрестлингтен Азияның абсолютті чемпионы.
Арман Романұлы спорттың биік шыңын өзі ғана бағындырып қоймай сан мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұстаз.
25 әлем чемпионын, 29 әлем чемпионатының жүлдегерлерін, 19 әлем кубогының иегерін,132 Азия чемпионын, 77 Азия чемпионатының жүлдегерлерін, 43 Азия кубогының иегерін, 235 Қазақстан Республикасының чемпионын, 300 Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегерін ,151 Халықаралық турнир жеңімпазын, 53 Халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 100 Қазақстан Республикасының спорт шеберін, 550 «Спорт шеберлігіне үміткер» , 2 «Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушысын», 1 «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шеберін» дайындап шығарған білікті бапкер, абзал азамат, орнықты отбасының отағасы.
Үлкен ұлы –Дияр Арманұлы да әке жолын қуып, бокспен айналысып, бірталай жетістіктерге жетті. Бокстан «Спорт шеберіне үміткер», Қазақстан Ұлттық құрама командасының мүшесі, Халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Екінші ұлы Данияр Арманұлы Армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионы, Спорт шебері, Қазақстан Ұлттық құрама командасының мүшесі.
Қыздары Аяжан мен Аружан мектеп оқушысы болса, кенжесі Асылай балабақша тәрбиеленушісі.
Анасы Күлсара зейнеткер , Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі, тыл ардагері. «Әлемнің асылы» медалінің иегері.
«Бақытты басқадан емес, балаңнан ізде» дегендей Арман мен Гүлмира бүгінде бақытты да , байлықты да өмірінің жалғасы ұрпақтарынан тапқан өнегелі отбасы.
Республикалық байқауға жолдама алған жеңімпаз отбасыны облыс әкімінің орынбасары М.Отарбаев құттықтап, сертификат тапсырды.