Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАРЛЫҚ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАРЛЫҚ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Жылу орталығын 2023-2024 жылдарға жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында демеушілер есебінен 4 қазандыққа да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Гидравликалық сығымдау, тексеру жұмыстарынан өткізіліп, жылыту маусымына толық дайындығы қамтамасыз етілді. Жұмыс барысы тікелей Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында. Жөндеуден өткен 4 қазандықтың жалпы қуаттылығы Кентау қаласын толық тұрақты жылумен қамтамасыз етуге жеткілікті.Қазіргі таңда қаладағы жылу жүйесі қалыпты жағдайға келді. Жылу жүйесінде орын алуы мүмкін қауіпті апаттар тоқтатылып, жылу режимі тұрақталды. Орталықта 4 қазандық іске қосылып, қалыпты режимде жұмыс атқаруда. Тікелей судың бару температурасы +64,5 градусты көрсетсе, қайтуы +45,8 градусты көрсетіп тұр. Сыртқы ауа температурасы +4℃ болып тұр. Орталықта көмір, мазут отынының қоры жеткілікті. Айта кетейік, «Кентау сервис» МКК-сі № 5 ЖЭО кәсіпорны 1934 жылы құрылған. Қондырғылар 1952 жылы орнатылған. Жылу құбырларының ұзындығы 169 шақырымды құрайды. Кентау қаласында №5 ЖЭО-ғы 14 000 астам абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 350-ге жуық көпқабатты үй, 100-ден аса бюджеттік мекеме, 401 коммерциялық нысан және 2 мыңнан аса жеке сектордағы үй бар.