Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕ ӨНДІРІЛЕТІН АУЫЛ ШАРУА­ШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІ АРТЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕ ӨНДІРІЛЕТІН АУЫЛ ШАРУА­ШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Өңірде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын субсидиялауға 22 млрд. теңге бөлінді. Субсидия алушы кәсіпорындардың басым бөлігі шағын және орта бизнес санатына жатады. Өткен жылы өңдеу өнеркәсібі саласының өндіріс көлемі 97034,6 млн.теңгені, ал өнеркәсіптік өндірістің индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне 110% құрады. Бүгінгі күні аталған қызмет түрі өндірісінің үлесі облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің   46,4%  құрады. Өткен жылдың қаңтар-наурызында тамақ өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 24964,8 млн.теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңінен 5,3% төмендеді, бұл  ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған ет өндірісінің  13,5%, үй құсының жас немесе тоңазытылған еті  47,2%, ірімшік және сүзбе  39,4%, өзге де сүт өнімдері  4,3%, дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда  тартылған ұн қоспаларының  9% кемуінен орын алды. Сонымен қатар, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық өндірісі  27,8%,  жеміс және көкөніс шырындар өндірісі  12,5%, сары май және сүтті спредтер  2,5 есеге жоғарлады. Сусындарды өндіру саласында өндіріс көлемі 2022 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда  74,9% артты, ал өндірілген өнім көлемі 4256,2 млн.теңгені құрады, бұл коньяк спирттің өндірген өнімнің 3,5 есе жоғарлауынан орын алды.

Өткен жылы тоқыма бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар  15405,8 млн.теңгенің өнімін өндірді және  өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,3 есеге жоғары болды, бұл  мақта талшығы  өндірісінің  3,4 есеге  артуынан орын алды. Кокс және мұнай өнімдерін өндіру өнеркәсібінде  2945,6 млн. теңгенің  өнімі өндірілді, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен  2,5 есеге жоғары, өндірістің өсуі негізінен мұнай жол битумдар өндірісінің  2,6 есе артық өндірілуінен болды. Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі өткен жылдың тиісті кезеңіне  23,1% жоғары болды, ал өндірілген өнім көлемі 4466,5 млн.теңгені құрадыАталған салада өндіріс көлемінің негізінен отқа төзімсіз құрылыс кірпіштердің  35,8%, құрылыс ерітінділердің  5,8 есе өсуінен болды. Машина өнімдерін жасау өндіріс көлемі өткен жылдың қаңтар-наурызында 11210,5 млн.теңгені құрады, өнеркәсіптік өндіріс индексі 2022 жылдың тиісті кезеңіне  113,8% құрады, бұл өзге де злектронды және электр сымдар мен кабельдер өндірісінің  2,3 есе, кернеуі 1000 В артық электр тізбектерін ажыратуға, ауыстырып қосуға немесе қорғауға арналған аппаратура (жоғары вольтты аппаратура) өндірісінің  2 есеге өсуінен орын алды.

Сонымен бірге, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру өндірісінде өндіріс көлемі 1408,1 млн.теңгені құрады, алдыңғы жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда  36,8% төмендеді, өндірістің төмендеуі пластмасса құбырлар, түтіктер, жеңдер мен шлангілер және олардың фитингтер өндірісінің  59,8% кемуінен орын алды. Алдыңғы жылдың тиісті кезеңінде киім өндіру саласы бойынша ерлерге арналған жұмыс киімі өндірісінің 11,7% кемуінен, өнеркәсіптік өндірістің индексі  10,9% төмендеді, ал өндіріс  көлемі  438,2 млн.теңгені  құрады.

«Облыстың әлеуметтік-эко­номика­лық дамуына келетін болсақ, осы жыл­дың 6 айында оң өсім бар. Жалпы өңір­­лік өнім көлемі 3 трлн теңге­ден асты. Өнеркәсіп өнім көле­мі 2 пайызға артып, 758 млрд теңгені құрады. Өсімге негізі­нен сүт, тоқыма және электр жабдықтары өндірісі үлес қосты. Бұл ретте Түркістан облысы бө­лін­генде не­гізгі өндіріс орындары Шымкент қа­ласы аума­ғын­да қалып қойғанын атап өт­кен жөн. Осыған байланыс­ты, облыс бюджеті толықтай рес­­пуб­ликалық бюджет транс­ферт­теріне тәуелді болып тұр. Қазір облыс өнеркәсібінің не­гізін тау-кен, яғни уран өнді­рісі құрайды», деді Д.Са­тыбалды.

Өңір басшысының айтуынша, «ҚазАтомпром» ұлттық компаниясы Созақ ауда­нында күкірт қышқылын өн­діретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Құны 100 млрд теңге болатын жобаның жүзеге асуы аймақта 250 жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізбек. Қазір жер телімі анықталып, компания техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кіріскен. Облыстың өзіндік кірісін арттыратын бұдан өзге бірнеше жобадан хабардар етті. Нақтыласақ, бұлар – «Ocean Energy Company» ЖШС-ның Қазығұрт ауданында Каскад ГЭС құрылысы, «Эко-Культура» АӨХ-нің Келес ауда­нындағы жылыжай кешенін салуы, «Standard Petroleum&Cо» ЖШС-ның Ордабасы ауданында мұнай өнімдерін өңдеу за­­­­у­ы­­ты, «ARM WIND» ЖШС-ның Оты­рар ауданында күн электр стансасының зауыты, «Састөбе химиялық кешені» ЖШС-ның Түлкібас ауданындағы каус­тикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк цемент өндіру зауыты бар. Сонымен қатар бұл аудан­да газ электр стансасының, Сауранда күн электр стансасы­ның, Со­зақта фосфорит кендерін өңдеу зауы­ты­ның құрылысы жоспарға кірген. Об­лыс бас­шылығы Сайрамда бу-газ қон­дыр­ғысын салуды да ойластырып отыр.  Әкімнің сөзінше, жобаларды іске асыру есебінен өзіндік кірістерді алдағы 5 жылда қо­сымша 100 млрд теңгеге көбейту болжанады. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, бүгінде 10 жоба іске қосылған.

Жалпы, елдің экономикалық драй­вері болуға қабілетті әрі лайық ауыл шаруа­шылығы саласы бұл облыста да қарқынды даму жолына түсіп келе жатыр. Өңірде өндірілген ауыл шаруа­шылық өнімдері құнының 1 трлн теңгеден асуы сөзімізге дәлел және бұл көрсеткіш арқылы облыс республикада ең алдыңғы позицияда.

«Жыл басынан бері салаға 88,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде көкөніс, бақша өнім­дерінен рекордтық 3,3 млн тонна жиналып отыр. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 25 жобаны іске асыру көзделсе, жыл басынан бері нақты 22-сі іске қосылды. Салада жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда. Қарқынды бау көлемі 5 405 гек­тарға жеткізілді. Нәтижесінде, өнімділік 5 есе артып, 350 центнерге дейін өнім жиналуда. Су үнемдеу технологиясы 31 788 гектарға, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы 9 403 гектарға енгізіліп, суды 2 есе үнемдеуге мүмкіндік берді», дейді әкім.

Жылыжайға қатысты да жы­лы жаңа­лық­­тар баршылық. Олар­дың жалпы көлемі бүгінде 1 640 гектарға жетіп, 140 мың тонна өнім жиналыпты. Бұған қоса 100 гектардан агроаймақ құрып, 2027 жылға дейін 500 гектарға жаңа жылыжай салу жоспарда бар екен. Қазір жылыжайларды бір орталықтан қатты отынмен қамтамасыз ету үшін арнайы кооператив құрылып, көмір өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілген. Бұл ретте жылыжайларды жылыту шы­ғындарының 20 пайызы субсидияланатынын да айта кетейік. Биыл осы мақсатта 500 млн теңге бөлінген.