Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ ӨҢІРДЕГІ ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН

ТҮРКІСТАН: БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ ӨҢІРДЕГІ ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН

          Бүгінгі біздің кезекті қонағымыз Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Аметов Серік Тәжібайұлы мырза келіп отыр.

          Бүгінгі келелі кездесудегі сұқбаттың негізгі тақырыбы, ой өрбітіп, сөз қозғайтын «Облыс деңгейінде діни қызметті реттеу саласында мемлекеттік орган қызметінің тимділігі мен бөлінген қаржылардың жоспарлануына және жұмсалуына мемлекеттік аудит жургізу» сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері турасында болмақ. 

          Сұрақ: Жалпы Тексеру комиссиясы туралы қысқаша айтып өтсеңіз, қашан құрылды және миссиясы қандай?

          Жауап:

          Еліміздегі республикалық маңызы бар қалаларда және облыстарында Тексеру комиссиялары «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес 2011 жылы құрылған.

          Түркістан облысы бойынша  тексеру комиссиясының негізгі міндетінің бірі жергілікті бюджеттің  атқарылуына  сыртқы мемлекеттік аудитті  және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Тексеру комиссиясының миссиясы Түркістан облысының аумағында қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субьектілері  активтерін басқарудың   және пайдаланудың  тиімділігін арттыру болып табылады.

          Өңірімізде жергілікті бюджеттердің атқарылуын, облыстың даму жоспарларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын талдау және бағалау жұмыстарын жүргізеді. Өз кезегінде облысымыздың тұрақты дамуына өз саламыз бойынша осындай негзгі миссияларды атқарады.

          Сұрақ: Тексеру комиссиясымен Түркістан облысы дін істері басқармасы және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Облыс деңгейінде діни қызметті реттеу саласында мемлекеттік орган қызметінің  тимділігі мен бөлінген қаржылардың жоспарлануына және жұмсалуына мемлекеттік  аудит жургізу» нәтижелері туралы тоқталып, баяндап өтсеңіз.

          Жауап:

          Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Тексеру комиссиясы тарапынан өз кұзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қабылдай отырып, облыс деңгейінде діни қызметті реттеу саласында мемлекеттік орган қызметінің тимділігі мен бөлінген қаржылардың жоспарлануына және жұмсалуына мемлекеттік  аудит жургізген болатын.

          Жалпы аудитпен 2 аудит объектісінде 001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік сасатты іске асыру жөніндегі кызметтер» және 005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау» бюджеттік бағдарламалары бойынша 2021 жылдың  01 каңтары мен 2023 жылдың 30 қыркүйек аралығындағы кезеңге бөлінген  715 853,0 мың теңге (2021 жылы 260 878,0 мың теңге, 2022 жылы 26 392,0 мың теңге, 2023 жылы 18 583,0 мың теңге) қаржы қамтылды.

          Анықталған барлық  бұзушылықтар сомасы 21 193,8 мын теңге, оның  ішінде өтелуге жататын қаржылық  бұзушылыктар сомасы 2631,5 мың теңге. Аудиторлық  қорытынды дайындау барысында 430,4 мың теңгесі өтелді. Өтелуге жататын қаржы қалдығы 2201,1 мың теңге.

          Сонымен қатар, бюджет қаржыларын тимсіз пайдаланылған 18 562,3 мың теңге анықталды.

          Баскарма Ережесінін орыс тілі нұсқасындағы 16-тармағының 7)  тармақшасы қазақ тілі нұсқасына сәйкес келмеуінен мекеменің құзыреттілігінің мәні өзгеріп кеткен.

          Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Облыс деңгейінде діни қызметті реттеу саласында мемлекеттік орган кызметінің  тимділігі мен бөлінген қаржылардынң жоспарлануына және жұмсалуына мемлекеттік аудит жургізу» аудиторлык іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталган кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар жолданды.

          Сұрақ: Тексеру комиссиясы тарапынан аталған бұзушылықтарды жою туралы қандай шаралар қабылданды? Орын алған олқылықтардың себебін немен байланыстырар едіңіз?

          Жауап:

          Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары тарапынан жүргізілген аудит іс-шаралары барысында анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы соммасы 21 193,8 мын теңге бюджетке өтелу үшін арнайы нұсқамамен танысытырып, нұсқамаға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылуда.

          Тексеру комиссиясының қорытындысы бойынша бірнеше кемшіліктер орын алғаны белгілі болды. Облыстық дін істері басқармасы және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің негізгі анықталған қаржылық бұзушылықтың бірі «Іс сапарға жіберілген қызметкер тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келсе, онда тәулікақы төленбей, жол жүру құжаттары болған кезде көліктік шығыстар ғана өтеледі», – делінген Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасының талаптары сақталмаған. Осы қағидада көрсетілген талаптардың мақсаты мен мәні түсіндіріліп, ҚР заңнамасының нормаларын дұрыс қолдану тіртібі көрсетілді.

          Басқарма тарапынан 2021 жылдың қорытындысына сәйкес, қызметкерлердің жалақысынан есептелетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналардың кем есептелу салдарынан 67,5 мың теңге қысқа мерзімді кредиторлық қарыз орын алған.

          Жалпы аудиторлық іс-шара бойынша жоғары да аталаған кемшілктер мен бұзушылықтарды ескере келе, арнайы нұсқама беріліп, нұсқамаға сәйкес қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

          Сұрақ: Жалпы мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру үшін   бөлінген бюджет қаражатының халықтың әл-ауқатына, облыс аумағындағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері қандай?

          Жауап:

          Жалпы, дін саласы мемлекеттік салалардың ішіндегі ең нәзік және ауқымды салалардың бірі. Облыс көлемінде діни бірлістектер арасында алуандылық байқалады. Конфессияаралық келісімнің оң нәтижесі байқалады.

Қазіргі таңда республика көлемінде 18 конфессияға кіретін 3977 діни бірлестіктер мен филиалдар жұмыс жасаса, соның ішінде облыста 6 конфессияға кіретін 809 діни нысандар тіркелген.

Республика көлемінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынының  2834 филлиалы жұмыс жасайды. Түркістан облысында 774 ҚМДБ филлиалы-мешіттер жұмыс жасауда.

Жоғарыдағы сандар өңіріміздегі дін саласы негігі салалардың бірі екендігін айқын көрсетеді. Қоғам арасында дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы азаматтарды қайта қоғамға және дәстүрлі құндылықтарға бейімдеу жұмыстары өте күрделі процесстердің бірі. Арнайы ақпараттық-түсіндіру топтары құрылып, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері облыстағы 17 қала-ауданда арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, экстремизм мен терроризмнің алдын алу және керағар діни ағымдардың қоғамға қауіпті екендігі турасында түрлі форматтағы кездесулер өткізген.

Сонымен қатар, облыс көлеміндегі діни бірлестіктердің жұмыстарына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ғаламторда арнайы дәстүрлі емес діни ағымдар және уағызшыларына тыйым салу мақсатында жұмыстар атқарады.

Облыс тұрғындары арасында мемлекеттің дін саласындағы тиімділігін арттыру және діни ағымдардан келетін қауіптер турасында түрлі әдістемелік құралдар және бүктемелер, мекеме қызметкерлері тарапынан халық арасында діни иммунитет қалыптастыру мақсатында арнайы бейнеөнімдер әзірлеп, халық арасында оң бағасын алған.

Қорытындылай келе, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат өңірдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің дін саласындағы саясатын ілгерлету, зайырлылық принциптері, конфессияарылық келісімнің дамуына қолайлы жағдайлар жасау үшін көзделген. Сонымен қатар, тілге тиек етер мәселе облысымыздағы діни ахуал қалыпты дегенімізбен, «Апат айтып келмейді» тәмсілі еріксіз еске түседі. Діни ағымдардан және түрлі деструктивті діни ағымдардан келетін қауіпті әрқашан да бар екендігін ұмытпауымыз тиіс.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Еститін мемлекет» концепциясына сәйкес, жүзеге асырылатын және асырылған жобалар арқылы бөлінген бюджет қаражаты өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асруына оң ықпалын тигізетініне кәміл сенеміз деп айтсақ болады. 

Сұқбатыңызға рақмет! Жұмысыңызға сәттілік тілеймін.